0 комментариев

Байкал — Шығыс Сібірдің оңтүстігіндегі тұщы көл. Теңіз деңгейінен 456 м биіктіктегі тауаралық тектоникты ойыста орналасқан. Дүние жүзіндегі аса ірі көлдің қатарына жатады. Ауданы 31,5 мың км2, суының көлемі 23,6 мың км3. Ұзындығы 636 км, ені орта есеппен 48 км. Байкал — жер бетіндегі ең терең көл (1620 м), орташа тереңдігі 730 м. Көлде дүние жүзіндегі тұщы су қорының (мұздықтарды есептемегенде) 20%-і шоғырланған. Байкал көліне қатысты тың ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Көлдің пішіні ораққа ұқсас. Ол теңіз деңгейінен 500 метр биіктікте орналасқан, ұзындығы 636 км, ал ені 80 километрға дейін жетеді. Көлде және оның жағасында 3500-ден астам түрлі жануарлар мен өсімдіктер тіршілік етеді. Фаунасының 80%-ы, әлемнің басқа жерлерінде кездеспейді.

Әдетте, көлдер 10-15 мың жыл өмір сүріп, содан кейін батпаққа айналады. Бірақ, мамандардың пікірінше, Байкөлдің жасы 25 миллион жыл. Сондай-ақ, ол жыл сайын 2 сантиметрға үлкейіп отырады екен. Бұл құбылысты ешкім түсіндіре алмауда, ал кейбір ғалымдар, Байкал болашақта мұхит болады деген болжам жасап отыр. Байқалға 300-ге жуық өзен құйылады. Көлде 20 арал бар, олардың ең үлкені – Олхон.

Бұл аралды Байкалдың жүрегі деп атайды. Оның ұзындығы 71 шақырымға дейін созылған. Жергілікті тұрғындар, Шыңғыс ханның қабірі осы аралда орналасқан дейді. Қаңтар айында судың беті толығымен мұзбен жабылып, қатты аяз кезінде жарылады. Осы құбылыстың арқасында, жарылған жерлерден көлдің түбіне күн шуағы түсіп, тіршілік иелері оттегімен қамтамасыз етіледі. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ХІІ-ХІІІ ғасырларға дейін, бұл аймақта моңғол тілінде сөйлейтін барғұттар мекен еткен. Олар кеткен соң, көлдің батыс жағалауына буряттар белсенді қоныстана бастады. Ал, орыс халқы бұл елді мекенге XVII – XVIII ғасырларда ғана келді.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий