0 комментариев

“Кел, балалар оқылық” деп барлығын оқу білімге шақырған Ыбырай Алтынсарин бұл сөздері барлық қазақ балаларының санасында жатталып қалған. Қазақ даласындағы тұңғыш ұстаздардың бірі туралы тың деректерді kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Қазақтың көрнекті ағартушысы және қоғам қайраткері – 1841 жылы Қостанай облысында дүниеге келді. Әкесінен төрт жасында айырылып, Орынбор шекара комиссиясының әскери бригадирі, атасы Балқожа Жаңбыршиннің үйінде тәрбие алды. Балқожа өз заманындағы ең құрметті адамдардың бірі болған, ол немересінің сауатын ашу үшін, Ыбырайды мектеп-интернатына орналастырды.Жас кезінен бастап білімге құштарлығын көрсетіп, 1857 жылы Орынбордағы орта мектепті алтын медальмен аяқтады.

Орыс, араб, татар және парсы тілдерін жоғары деңгейде меңгеріп, сол замандағы көптеген атақты интеллигенция өкілдерімен жақсы қарым-қатынас орнатты. Оқуды бітіргеннен кейін аудармашы болып жұмыс істеді.Ұстаз болуды армандаған Ыбырай, 1860 жылы Орынбордан кетіп, Торғайға көшті, бірақ, бұл жерде патша өкіметі Алтынсаринге мұғалімдік жұмысын бастауға рұқсат бермеді. Тек 1964 жылы көптеген қиындықтардан кейін, қазақ баларына арналған жаңа мектеп ашылды. Алғашқы жылы оқуға 16 оқушы қабылданды. Билік тарапынан қолдау болмағандықтан, мектепті ашу оңай болған жоқ.

Ол жергілікті тұрғындардан қаражат жинап, құрылысты бастады. Бұл ғимарат әлі күнге дейін сақталған. Кириллица негізінде алфавит қалыптастырып, қазақ тілінде оқулықтар шығарған. Басқа тілдегі өлеңдерді, әңгімелерді және ертегілерді біздің тілімізге аударған. Ол балалар әдебиетінің негізін қалаушысы болып саналады. Өзінің қысқа әңгімелерінде қоғамдағы әлеуметтік проблемалар туралы жазған.

Ыбырай Алтынсарин 20 жыл бойы білім беру жүйесінде басшылық қызметтер атқарды. 1879 жылдан бастап Торғай облысындағы қазақ мектептерінде инспектор болып жұмыс істеді. Өмірінің соңғы күндерін, өз қаражатына салынған бір қабатты үйде өткізді. Бұл адамның арқасында, Торғай, Ырғыз, Николаевск және Ақтөбе қалаларында жаңа мектептердің іргесі қаланды.

1887 жылы қазақ қыздарына арналған алғашқы әйелдер интернаты ашылды. Ұлы ұстаздың есімімен аудандар, ауылдар, оқу орындары, тау шыңы және Қазақстан білім академиясы аталды. 1983 жылы еліміздің үздік оқытушылары мен ғалымдарына берілетін Алтынсарин медалі бекітілді.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий