0 комментариев

Өзінің ержүрек батылдығымен, қазақ тарихының есінде қалған нәзік жанды Әлия Молдағұлова. Қолына қару алып еркектермен тең дәрежеде ұрыс алаңында жан алысып жан беріскен қазақ қызы туралы тың деректерді kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Бұл қазақтың батыр қызы майданда 8 ай ғана болғанымен, өз ерлігімен тапқырлығының арқасында, көптеген жаудың көзін жойып, еліміздің мақтанышына айналды.

Әлия Молдағұлова 1925 жылдың 25 қазанында қазіргі Ақтөбе облысында дүниеге келген. Ол 7 жасында анасынан айырылып, ағасы Әубәкірдің қолында тәриеленді. 1935 жылы Әубәкір әскери-көлік академиясына оқуға түсіп, олар жанұясымен Ленинградқа көшуге мәжбүр болды.1941 жылының маусымында Ұлы Отан соғысы басталғандықтан, жергілікті тұрғындар басқа қалаға эвакуацияланды. Алайда, Әлия Ленинградты қалдырудан бас тартып, снайперлерді дайындайтын орталық мектепке түсуге шешім қабылдады.

Оқу барысында қайсарлық пен табандылық танытқаны үшін, Орталық Комитет оған атаулы мылтық табыстады. Насва деп аталатын теміржол станциясын шабуылдаған кезде, немістердің минометі оқ жаудырып, батальонның алға жылжуы тоқтап қалды. Мұны байқаған Әлия, қолына гранатаны алып, минометтің көзін жойған. Осылайша, вокзалға баратын жол ашылды. Куәгерлердің айтуынша, аспаннан снарядтар түскен кезде, қазақ қызы ерекше батылдық танытқан. Ол фашистерді өлтірумен қатар, майданда жараланған сазбаздарды соғыс алаңынан алып шығып, оларға алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

1944 жылдың 11 қаңтарында Молдағұлованың батальоны жаудың қорғанысын бұзып шықты. Бұл шайқаста немістер қатты қарсылық көрсетті. Олар зеңбіректерден, пулеметтерден және минометтерден атқылап, Кеңес әскерінің қозғалысын тоқтатты. Сол кезде, «Отан үшін!» – деген ұранмен, Молдағұлова жауынгерлерді бірнеше рет шабуылға көтерді. Жарақат алғанына қарамастан, «Алға!» – деген айқаймен жаудың траншеясына дейін жетіп, 10 немісті өлтірген.1944 жылы 14 қаңтарда Новосокольники қаласының солтүстігінде болған шайқаста көз жұмды. Командир жарақат алғандықтан, тізгінді өз қолына алып, сарбаздардың шабуылын басқарды.

Өмірінің соңғы минуттарына дейін жауға оқ жаудырған. Ресми деректер бойынша, ол немістің 78 жауынгерін өлтірген. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысымен, Молдағұлова Әлияға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Бұл ержүрек қыз – 18 жылдан астам уақыт ғана өмір сүрсе де, көптеген ерліктер жасап, қазіргі жастар үшін үлгі болуға лайық.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий