0 комментариев

Тарихқа көз жүгіртсек, әрбір қиын уақыт жүрек жұтқан батырларды шыңдап халқына сыйлайтыны анық. Елінің қорғаны болатын азаматтар  топ жарып шығып, өз елінің кірпіші болып қаланады. Батыр, қайсар, ержүрек, жүрек жұтқан деген сөз тіркестері естілгенде көз алдымызға бір сұсты тепсе темір үзетін ер азаматтың елестейтіні анық. Жоғарыда айтылған сөз тіркестерінің  бәріне керісінше гүл сияқты нәзік Мәншүк Мәметоваға да лайықты екенін тарих беттерінен байқауға болады. Майданға ойланбастан аттанып, қолына қару алған қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова туралы тың ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Мәншүктің ата-анасы азан қойып берген есімі – Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен, Мәнсияның тілі келмей өзін Мәншүк деп кеткен. Осылайша, анасы еркелетіп атаған «Моншағы» Мәнсия да емес, Моншақ та емес Мәншүк аталып кетті. Кейіннен құжат толтырғанда да, ол есімін Мәншүк деп толтыра бастапты. Соғыс майданында да осы аяулы есімін асқақтатып, тарихқа Батыр Мәншүк деген есіммен енеді. Ол 1922 жылдың қазан айында Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданында дүниеге келді. Мәнсияның балалық шағы Қазақ КСР-да, Жасқұс деп аталатын ауылда өтті. Отбасы нашар жағдайда өмір сүрді. Әкесі – Жиенғали қоймада күзетші ретінде жұмыс істеді, ал анасы – Тойшылша бала тәрбиесімен айналысты.

1937 жылы жаппай қуғын-сүргін басталып, Мәншүктің әкесі Ахмет, халық жауы деген айыппен қамауға алынды. Бірақ, Мәншүк одан бас тартқан жоқ. Әкесі қателікпен тұтқынға алынғанына сенімді болды. Кейбір жағдайларда, репрессияға ұшырағандардың туыстары соғысқа кетсе, олар түрмеден босатылатын. Бұл мүмкіндікті жібермеу үшін, өз еркімен майданға кетуге бел буды. Өкінішке орай, Ахмет бұл кезде ату жазасына кесіліп кеткен. Мәншік мұны білмеді. Мектепті бітірген соң, медициналық училищеге оқуға түсті. Ұлы Отан соғысы басталған жылы, оның жасы 18-де болды. Майданға аттану үшін әскери комиссариатқа өтініш жасап, 1942 жылы 100-ші атқыштар бригадасына ілікті.

1943 жылы 15 қазанда Невель қаласының шетіндегі ұрыс кезінде, Кеңес әскері жаудың қатты қарсылығына тап болды. Олар біздің бөлімшелеріміздің алға жылжуын тоқтатуға тырысып, үздіксіз оқ жаудырды. Мәншүктің дивизиясына, стратегиялық басымдылық беретін биіктікті бағындыру туралы бұйрық берілді. Егер бөлімшелер бұл биіктікте орнығып алса, бұл шайқастың нәтижесін шешетін еді. Мұны түсінген неміс дивизиясы, өз қарсыластарын минометпен атқылай бастады.

Нәтижесінде, екі миномет есебі жойылып, тек Мәметованың пулеметі ғана аман қалды. Фашистер оның жалғыз қалғанын біліп, әртүрлі бағыттардан шабуыл жасауға кірісті. Шабуылға тойтарыс беру үшін, Мәншүкке үш пулеметтен кезекпен оқ боратуға тура келді. Содан кейін, ол басынан ауыр жарақат алып, есінен танып қалды. Оянған кезде, оған қарай жақындап келе жатқан немістерді көріп, жауға пулеметтен оқ жаудыруға күш тапты. Бұл шайқаста 70-тен астам жауынгердің көзін құртты.

Батыр қыздың қаралы қазасы бүкіл дүниені дүр сілкіндірді. Түн жарымда Мәншүк қаза болды деген хабарды естіген жауынгерлердің қабырғасы қайысты. Әйгілі пулеметші қыздың өшпес ерлігі жайлы аңыздар майданға желдей есіп, барлық тілде Мәншүк туралы радиохабарлар беріліп, газеттер шыға бастады. Барша жұрт оны туған бауырындай өнеге тұтып, мақтан етті. Ал, даңқты батыр қаза тапқаннан кейін 6 ай өткен соң оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 100-бригаданың командалық құрамында командир болған Мәлік Ғабдуллин Батыр Мәншүктің майдандағы өшпес ерлігін дәлелдейтін құжаттарды қайта рәсімдеуге қол жеткізіп, КСРО-ның Жоғарғы Кеңес Президиумының бұйрығымен 1944 жылы 1 наурызда Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий