0 комментариев

Өзін жігерлі, батыл және талапкер адам ретінде көрсете білді. Ол жақсы ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында, әскери бөлімшелердің ұрыс қимылдарын шебер басқара алды. Бауыржан  Момышұлының бұл командирлік қабілеті жоғары бағаланып, басшылық құрамы оны полк командирі қылып тағайындады.   Қазақ халқының қаһарманы Бауыржан Момышұлы туралы ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Алғашқы еңбек жолын ұстаздықтан бастаған. 1928-1930 жылдары бастауыш мектепте сабақ берген.

Әр саланың игеріп әкететін ерекше қабілетінің арқасында Шымкент өнеркәсіп банкінің экономисі болып та қызмет еткен. Қаржылық сауатты Момышұлы әскери саланы да тастамай қатар алып жүрген.

Әр саланың игеріп әкететін ерекше қабілетінің арқасында Шымкент өнеркәсіп банкінің экономисі болып та қызмет еткен. Қаржылық сауатты Момышұлы әскери саланы да тастамай қатар алып жүрген.

Соғысқа дейінгі жылдары әскерде өнерімен талайды тәнті еткен. Ат үстінде қылышпен ойын көрсетуде асқан ептілік танытып, Буденныйдың көзіне түскен.

. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты.

Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа кірді.

1945 жылдың 16 қаңтарында Алматыға келген Бауыржанды М. Әуезов, Қ. Сәтбаев, т.б. ғалымдар соғыс туралы әңгіме-лекция өткізуге шақыртып, кездесу ұйымдастырады. Осы дәрістің стенограммасы кейін «Соғыс психология» деген атпен кітап болып басылды.

Қанқұйлы соғыс уақытында дивизия басқарған екі-ақ қазақ болған. Біріншісі – Бауыржан Момышұлы, екіншісі – Әбілқайыр Баймолдин.

Соғыстан кейін 1950-1955 жылдары полковник шенімен Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. Совет одағының генералдары алдында дәріс оқыған асқан стратег, психолог, шешен, тапқыр полковниктің кәсібилігін бірден мойындайды. Батыр ақын, алаштың арысы Мағжанды өз көзіммен көрдім деп осы кезді айтады.

Бауыржан Момышұлы 1962 жылы Фидель Кастроның шақыруымен Куба еліне барды. Кейін 1963 жылы тағы бірнеше мәрте шақыртумен арнайы сапармен барып қайтты. Бір айта кетерлігі, Куба елінің саяси күрескері Ф. Кастро түрмеде жатқан кезінде Момышұлының кітаптарын оқып, көзқарастарының нығаюына ықпал еткенін айтады.

Елге оралған соң, Қорғаныс комиссариатына (қазіргіше министрлік) басшылықтан ойы болған. Алайда елдегі науқаншылдық оған жол бермеді. Тіпті ректор Өмірбек Жолдасбеков Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасына жұмысқа алмақ болады. Алайда оған да қарсылық болған деседі.

Кейін бірыңғай шығармашылыққа келді. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өміріндегі көрген білгендерін шығармаларына арқау етті.

«Волоколамдық тас жолы» деп аталатын кітаптың басты кейіпкері болды. Осы кітаптың көмегімен, біздің атамыз шет елдерде де танымал бола бастады. Куба президенті Фидель Кастро, оны өз еліне кездесуге шақырып, оған Куба революциялық қарулы күштерінің 51-ші полкінің құрметті қолбасшысы атағын берді.

 

 

 

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий