0 комментариев

Адамзат тарихындағы ең әйгілі қолбасшылардың бірі Александр Макадонский туралы ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Александр – б.з.д. 356 жылы Пелла қаласында дүниеге келген. Оның әкесі Филипп II – сол кездегі Македонияның патшасы болды, ал анасы Олимпиада – Эпир билеушісі Неоптолемның қызы. Аңыз бойынша, Александрдың әулеті Гераклдан тараған. Болашақ патшаны – атақты ойшыл Аристотель тәрбиеледі.

Жас кезінен бастап, адамдар оны, жігер мінезді және үлкен физикалық күші бар жасөспірім ретінде таныды. Жасы 10-ға толған кезде, ешкімге мойынсынбай жатқан асау жылқыны көрген Александр, айғыр өз көлеңкесінен үрейленіп тұрғанын байқап, оны өзіне бағындырып алуға мүмкіндік алды. Оның есімін Буцефал деп қойып, бұл тұлпар – қолбасшының ең сенімді серігіне айналды.

Әкесі Филипп, Византиямен соғысқа аттанған кезде, Фракия тайпалары осы мүмкіндікті пайдаланып, көтеріліс бастады. 16 жасар Ескендір, қалада қалған кішігірім әскердің көмегімен көтерілісті басып, оның құрметіне Александрополь деген қала құрылды. Б.з.б. 336 жылы белгісіз біреулер Филип патшаны өлтіріп, Македонияның жаңа патшасы болып Александр жарияланды.

Билікке келген соң, Ахемен әулетіне қарсы үлкен жорыққа аттанды. Парсылармен болған шайқастар, Александрдың керемет әскери талантын толық көрсетті. Б.з.д. 334 жылы Граник өзеніндегі шайқастан кейін, Кіші Азияның барлық жері Македонияның астына өтті. Вавилон қаласы – империяның астанасына айналды. Мысырды жаулап алған кезде, жергілікті тұрғындар оны құдай ретінде қарсы алды. Бұл мемлекетте, оның құрметіне Александрия қаласы салынды. Содан кейін, Сирияны, Бактрияны, Палестинаны, Финикияны өз империясына қосып алып, б.з.б. 326 жылы Үндістанды басып алуды көздеді.

Бірақ, Инд өзенінен өткен соң, 10 жылға созылған соғыстан әлсіреген әскер көтеріліс жасап, ары қарай жүруден бас тартты. Ұлы патша Отанына қайтуға мәжбүр болды.32 жасқа келген кезде, аяқ астынан ауруға шалдығып, 2 аптадан кейін дүниеден өтеді. Тарихшылардың айтуынша, оны әдейі уландырып өлтірген. Басты күдікті ретінде жақын досы – Кассандр қарастырылады.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий