0 комментариев

Ғарышты бағындырған Талғат Мұсабаев туралы ақпаратты kyn.kz  сайтынан оқи аласыз.

Талғат Мұсабаев 1951 жылдың 7 қаңтарында Алматы облысында тілші мен дәрігердің отбасында дүниеге келді. 1974 жылы Рига қаласындағы Азаматтық авиация инженерлері институтын бітірген. Содан соң, 1983 жылы Жоғары әскери авиация мектебін инженер дипломымен аяқтады.1994 жылдың 1 шілдесінде Юрий Маленченко басқарған «Союз» ғарыш кемесінің борт инженері ретінде космосқа аттанды. Ол өзімен бірге, қасиетті Құран кітабын, Қазақстан Республикасының туын және бір уыс жерді ала кетті. Тәуелсіз

Қазақстанның тұңғыш ғарышкерін шығарып салуға, Нұрсұлтан Назарбаев пен Сара Назарбаева келді. Ғарыш экспедициясы 126 күнге созылып, өз экипажымен 1994 жылдың 4 қарашасында жерге оралды. Жөндеу жұмыстарын атқару барысында, 2 рет ашық кеңестікке шықты (жалпы ұзақтығы 11 сағат 7 минут). Олардың арқасында, «Мир» орбиталық станциясы құтқарылып, ғарышкерлер жүктелген тапсырманы сәтті орындады. Осы ерлігі үшін, Юрий Маленченко мен Талғат Мұсабаев Ресей Федерациясының Президентінің Жарлығымен Алтын жұлдызбен марапатталды.

Ал, 1995 жылы 12 қаңтарында осындай Жарлыққа Қазақстан Президенті қол қойып, ол «Халық Қаһарманы» атағына ие болды.2001 жылдың 28 сәуірінде «Союз ТМ-32» ғарыш кемесінің экипаж командирі болып тағайындалып, үшінші рет космосқа ұшты.

Олармен бірге, алғашқы ғарыштық турист ретінде, американдық кәсіпкер Деннис Тито болды. Кәсіпкер осы сапары үшін 20 миллион доллар ақша төледі. Мұсабаев ғарышта 3 рет болды. Ұшуларының жалпы ұзақтығы – 341 тәулік 9 сағат 48 минутты құрайды. Ашық кеңістікке 7 рет шығып, 41 сағат 18 минут бойы космоста болған.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий