0 комментариев

Өзендер – табиғи су ағыны салынған арнамен үнемі ағып отырады және жер беті, жер асты суларымен қоректенеді. Өзендердің толық пайдасын kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Өзендердің пайдасы зор, олсыз өмірімізді елестету өте қиын. Біз сумен шөлімізді басамыз және басқа да тұрмыстық қажеттіліктерімізді қанағаттандырамыз. Жаздың ыстық күнінде әрқайсымыз өзен немесе көлдің жағасына барып демаламыз. Су шаршауды кетіреді, күш береді және адамның денсаулығын нығайтады.

Ежелгі халықтар өзеннің жанында қоныстанған. Себебі, өзен – тұщы судың негізгі көзі болып табылады. Ол тұрмыста және шаруышылықта кеңінен пайдаланылған. Бұл заманда су құбырлары болмағандықтан, адамдар өзенде шомылған және кір жуған. Сондай-ақ, онда тіршілік ететін балықтарды аулаудың арқасында, жергілікті тұрғындар азықпен қамтылған.

Ең ірі қалалар мен сауда орталықтары осындай жерлерде пайда болған. Өйткені, үлкен көлемді жүктерді, белгіленген жерге жылдам және қауіпсіз жеткізу үшін өзен қолданған. Бұл жағдай сауданың қарқынды дамуына әсер етіп, мемлекеттің өркендеуіне едәуір септігін тигізген. Сонымен қатар, оның жағалаулары жау шабуылынан сәтті қорғануға мүмкіндік берген.

Бүгінгі күні, өзендер адамзаттың өмірінде маңызды орын алады. Олар ауыл шаруашылық алқаптарын суаруға және энергия өндіру мақсатында қолданылады (су электр станциялары). Тауарлардың алуан түрлері су ағындары арқылы тасымалданады.

 

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий