Кез-келген тірі жан иесінің тіршілік көзі бұл ауа. Ауаға қатысты қызықты ақпаратпен kyn.kz сайтында таныса аласыз.
Әлемдегі ауасы ең таза ел – Швейцария, ал ең ласы – Қытай.
Адам бір күнде орташа есеппен алғанда, 22 мың рет дем алады.
Жер бетіндегі ауаның – 78%-ы азоттан, 21%-ы оттегіден тұрады.
Біз дем алатын ауаның 25%-ы, миды нәрлендіруге барады.
Үлкен биіктікте, ауа қысымының төмендеуі себебінен, адам оттегіні аз мөлшерде алады. Сол себептен таулы жерлерде: бас ауруы, шаршау, ұйқышылдық және тыныс алу қиындықтары туады.
Көптеген адамдар ауаның салмағы жоқ деп ойлайды. Шын мәнінде бір текше метр ауа 1,225 кг-ға тең.
Каирде ауаның ластануы соншалықты, бір күн бойы тыныс алу, бір қорап темекі шеккенмен бірдей.
Суық тиюден болатын аурулардың 90%-дан астамы далада емес, жабық бөлмеде жұғады.
Жерорта теңізінде оттегіні қажет етпейтін микроорганизмдер табылды.
Ауасыз өмір сүру рекордын 2010 жылдың 1 сәуірінде Стиг Северинсенмен жаңартты – ол 20 минут 10 секунд бойы тыныс алған жоқ.
Амазонадағы өсетін орман – әлемдегі барлық оттегінің 20%-ын өңдіреді.
Сондықтан ормандар біздің ғаламшардың жасыл өкпесі деп аталады.
Автокөліктердің қозғалтқыштары, адамдарға қарағанда ауаны әлдеқайда көп пайдаланады.
Ересек адам әрбір минут сайын, шамамен 4,5-5 литр оттегімен тыныс алады.
Үлкен қысым арқылы ауаны сұйық қылдыруға болады.
Зерттеулерге сәйкес, ең таза ауа – Австралияның Тасмания аралында.