0 комментариев

 

Бауырмен жорғалаушылардың неше түрі бар және олардың түрі қандай?  Олар немен қоректенеді. Даму жолдары, сонымен қатар олар заң жүзінде қалай қорғалады? Осы және тағы да басқа сұрақтардың жауабын kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

 Кесірткелер

Ертеде тіршілік еткен және топтың өкілі — Гаттерия. Ол қазіргі кезде тек қана Жаңа Зеландия аралдарында сақталынып қалған. Гаттерия түнде тіршілік ететін жануар. Ол сырт жағынан қарағанда үлкен кесірткеге ұқсайды. Дене тұрқы 60 см. Денесі (басы мен кеуде бөлімі) ұсақ дән тәрізді қабыршақ пен қапталған. Олар мұхит құстары альбатростардың індерін пайдаланады, бірак гаттегилер олардың балапандарына, жұмыртқаларына тимейді. Гаттерилер жәндіктермен, құрттармен және ұлулармен қоректенеді. Көктемде және қараша айларында көбейеді.

Жұмыртқаларын жерді қазып, шұңқырға салып, содан кейін топырақпен жауып тастайды. 8-17 жұмыртқа салады. Жұмыртқаның дамуы климаттық жағдайға байланысты ұзақ дамиды. Жалпы жұмыртқаның дамуы 12-14 айға созылады. Жыныстық жетілуі 20 жылға созылады. Жаңа Зеландия аралына адамдардың келуіне байланысты гаттерияларды өлтіріп, жойып жіберуге жақындады. Оларды сақтап қалу үшін арнайы қорғайтын заң шығып құрып кету қаупін жойды.

Тасбақалар

Басқа бауырымен жорғалаушылардың негізгі айырмашылығы тасбақаның денесі арқа (карапакс) және бауыр (пластрон) жағынан қатты сүйекті сауытпен қапталған. Қауіп төнгенде басын, мойнын, аяқтарын, құйрығын осы сауыттың ішіне жиырып алады. Олардың тісі болмайды. Жақ сүйектерінің шеттері өткір болып келеді де, тістің қызметін атқарады.

Қазақстанда тасбақаның екі түрі таралған. Жайық, Ырғыз, Торғай өзендерінің бойында суда тіршілік ететін тасбақалар (болотная черепаха) және Каспий аймағында. Оңтүстік Қазақстан даласында таралған тасбақа бар (средне азиатская черепаха). Тасбақалардың суды мекендейтіндердің құйрығы ұзын, арқа және бауыр қалқандары қозғалмалы болады, аяқтары жүзуге бейімделген, саусақтарының арасында жүзу жарғақтары болады. Қорегі жануарлар тектес азықтар (омыртқасыз жануарлар). Құрлықтағы тасбақалардың арқа қалқаны өте дөңес келеді және ауырлау болады. Құрлықта кездесетін түрлерінің ішіндегі ірілері – піл тасбақалары. Тасбақаның ірі түрлерін тамаққа пайдаланады, мүйізді қалқандарынан неше түрлі бұйымдар жасайды.

Қолтырауындар

Крокодилдер жоғары сатыдағы құрылысты жануарлар тобы. Олардың түріне қарағанда зор кесірткені еске түсіреді. Құрылысы жағынан басқалардан ерекшелеу. Денесі мүйіз қабыршақтармен емес, сүйектеніп кеткен калқандармен қапталған. Жүрек қарыншалары толығымен екіге бөлінген, демек қолтырауындардың жүрегі төрт камералы болады, тістері сүтқоректілердің тістері сияқты, альвеола орналасқан (жыландар мен кесірткелерде тіс ұялары болмайды). Қолтырауындар тамаша жүзгіштер. Олардың артқы аяқтарында жүзу жарғағы болады. Қолтырауындар – балықпен қоректенеді, жағада құстарға және аңдарға шабуыл жасайтын жыртқыштар. Олардың кейбіреуі адамға да қауіпті. Қолтырауындар терісі ірі бұйымдар — чемодандар, портфельдер, және әйелдерге түрлі бұйымдар жасауда пайдаланылады. Қазіргі уақытта олардың саны азайып, табиғаттың “Қызыл кітабына” тіркелген

Қабыршақтылар

Бауырымен жорғалаушылардың ішінде түрлерге мейлінше бай және жер бетінде кең тараған осы класс тармағы. Қабыршақтыларға кесірткелер, жыландар жатады. Олар Қазақстан жерінде де көп кездеседі. Кесірткелерге қозғалмалы қабақтың болуы тән, ал жыланның қабақтары мөлдір өзара бірігіп кеткен. Кесірткелердің аяқтары бар, ал жыландарда аяқтары болмайды. Барлығына ортақ белгілер: дене пішіні әртүрлі болатын мүйізді қабыршақтарымен қапталған. Тістері жақ сүйектеріне бекіген. Олардың биоценоздағы рөлі зор.

Кесірткелер отряды (Lacertilia). Олардың денесі сопақша, құйрығы ұзын, мойыны денесінен айқын белінген. Аяғы редукцияға ұшыраған, мүлдем болмайтын түрлері де бар (веретеница). Көпшілік түрлерінің құйрықтарын үзіп, қалдыратын автотомия қабілеті бар. Кесірткелер отрядына геккондар, агамалар, нағыз кесірткелер туыстыққа жататын кесірткелер. Тіршілік ортасы әр алуан: ашық дала, шөлді аймақ, орман іші, таулы жерлер т.б. Ұсақ түрлері жәндіктермен  және басқа омыртқасыздармен қоректенеді, ал ірілеуі ірі жануарларға шабуыл шабуыл жасайды, кейбіреулері өсімдіктермен қоректенеді.

Жыландар

Өзіндік ерекшелігі бар омыртқалы жануарлар. Жыландардың денесі мүйізді қабыршақтармен қапталған. Олардың кесірткелерден негізгі айырмашылығы аяқтары болмайды, тері бездері жоқ, төс сүйегі де болмайды. Омыртқаларында кішкене өсіндісі болады, ол омыртқа тізбегіне ерекше мықтылық беріп оның тез қозғалуын қамтамасыз етеді. Қабағы түссіз мөлдір көзді жауып тұрады, ол көзді әртүрді жарақаттаудан сақтайды. Сондықтан да ол қабақ қақпай қадала қарайды. Ортаңғы құлақ пен дабыл жарғағы болмайды. Мүшелерінің кейбіреуі ұзарған (бауыры, жыныс бездері т.б.), ал қалғандары кішірейген немесе жойылған (сол жақ өкпесі т.б.). Қуығы болмайды.

 

Ертеректе ғалымдар “жексұрын” деген атпен бақаларды және тритондарды зерттесе, сол атпен кесіртке, жылан, тасбақаларды да қоса зерттеп келеді. Десе де, олардың сыртқы және ішкі құрылыстарын, тіршілік ортасын мұқият зерттей келе, олар жеке өз алдына топ болу керектігін анықтады.

Эволюцияның барысында бауырымен жорғалаушылардың құрлыққа шығуы жануарлар дүниесіндегі дамудың тарихи кезеңі. Құрлықта кең таралу мақсатында, бұл жануарларда алғы шарттардың бәрі жасалынды.

Қосмекенділердің ата-тегі су жануарлары болғандықтан олар сумен байланысын әлі үзбеген. Құрлықты толығымен меңгеру омыртқалылар эволюциясының келесі сатысында ғана жүзеге асады. Бұл саты бауырымен жорғалаушылар. Олар нағыз жер бетінде тіршілік етуге бейімделген. Әрине бауырымен жорғалаушылардың барлығы да судан біржолата шығып кетті десек, ол ағаттық болған болар еді. Көптеген бауырымен жорғалаушылар өзіне қажетті мекенді, қоректік заттарды судан табады. Оларға крокодилдер, кейбір жыландар мен тасбақалар жатады. Бірақ олар суда тіршілік еткенмен, құрлықта көбейеді. Сол сияқты жыландардың, кесірткелердің екінші рет аяқтарынан айырылуы, ол да ортаға бейімделгіштіктің салдары. Олай болса, эволюцияның барысында жануарлар, дүниесінде “екінші белгісі” ретінде бейімделу қабілеті пайда болды. Оны палеонтологияның, эмбриологияның және экологияның көптеген мәліметтері дәлелдеп отыр

Бауырымен жорғалаушылар құрлықта жұмыртқа салып көбейетін, нағыз құрлықта тіршілік етуге бейімделген жануарлар. Олар өте жылы аймақтарда тіршілік етеді, сондықтан тропикалық аймақтан алыстаған сайын, олардың саны азая береді. Олардың кең аймақта таралуына негізгі себеп – температура, өйткені бұл суыққанды жануарлар тек ауа райы жылы болғанда ғана белсенді тіршілік етеді. Салқын болса інге кіріп жасырынады немесе жазғы ұйқыға кетеді. Бауырымен жорғалаушылар жануар тектес азықпен қоректенеді. Олар кесірткелер, жәндіктер, моллюскалар, қосмекенділерді қорек етеді. Жыландар көптеген кеміргіштерді жейді, сонымен бірге үй жануарлары мен адамдарға да қауіп туғызады. Құрлықтағы тасбақалар жеміс-жидекті жеп бақтарға, судағы тасбақалар балдырды жеп аздап залалын тигізеді. Көптеген бауырымен жорғалаушылардың (жылан, тасбақа, ірі кесірткелер) етін адамдар тамаққа пайдаланады. Қолтырауындарды, жыландарды, тасбақаларды терісі және мүйізді сауыты үшін аулайды. АҚШ-та және Кубада қолтырауындарды өсіретін фермалар бар. Терме, Бадхызда, Ташкеште және Бішкекте жылан өсіретін арнаулы питомниктер бар.

Қазіргі кезде жер жүзінде бауырымен жорғалаушылардың шамамен 6000 түрі белгілі, олардың 125 түрі ТМД-да кездесетін болса, оның 52 түрі Қазақстанда таралған. Денесінің сыртқы көрінісіне қарай олар — жылан, кесіртке және тасбақа тәрізділер болып бөлінеді.

Жыланның жер жүзінде 2500-дей түрі бар. ТМД-да 56, Қазақстанда 18 түрі таралған. Олардың 3-і улы, қалғаны өлкемізде усыз жыландар. Улы жыландар кәдімгі сұр жылан (обыкновенная гадюка), дала сұр жыланы (степная гадюка), боз жылан (щитомордник). Усыз жыландарға оқ жылан, қара шұбар жылан, су жыланы (уж), құм жыла (удавчик) т.б. жатады.

Ерте заманнан бері жылан адам баласы үшін өте қауіпті де қатерлі болып келеді. Жылан биологиясын білмейтін кез келген адам оны көрген бетте сескеніп қалады да, дереу өлтіруді ойлайды. Соңғы жылдары, ғалымдардың зерттеуі бойынша жылан уының медицина үшін пайдасы зор екені анықталды.

Бауырымен жорғалаушылардың ішінде жылдан-жылға саны азайып құрып бара жатқандары жыландар. Адамдардың жек көргендігі былай тұрсын, олар батпақты ылғалды жерлерді құрғатқаннан, өсімдіктердің өзгеруінен, жыландардың негізгі қорегі ұсақ кеміргіштерді, улы химикаттармен өлтіруінен көп азап шегіде. Медицинада уын пайдалану үшін оларды ұстайды. Олардан бірнеше рет у алу үшін арнайы жасалған серпентарилерде (питомниктер) ұстайды. Әрине, үнемі ұстай бергесін де олардың санына әсерін тигізеді.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий