0 комментариев

Омыртқасыз жануарлардың маңызы. Олардың пайдасы қандай ? Шаруашылықта қандай мақсатта қолданылады. Осы сұрақтардың  жауабын  kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Омыртқасыздың пайдалы жақтары мыналар:

Азық-түлік есебінде пайдаланылатын омыртқасыздар, немесе олардың беретін өнімдері.

Бұларға алдымен бал арасы жатады. Бал арасын асырау, ең бірінші бағалы тамақ боларлық бал берумен қатар, балауыз сияқты техникалық құнды затты да береді. Адам баласына тамақ боларлық омыртқасыздар қатарына тағы да толып жатқан моллюскілер де, әсіресе қос жақтаулы моллюскілер, толып жатқан су шаян тәрізділерде, кейбір тікентерілілер де және басқалар да жатады, сонымен бірге кейбір моллюскілерді, мысалы, устрицаны, сондай-ақ кейбір су шаян тәрізділерді аулап қана қоймайды, тіпті асырап өсіреді де.

Техникалық шикізат есебінде пайдаланылатын омыртқасыздар немесе бұлардың беретін өнімдері.

Бұларға ең алдымен кейбір көбелектер жатады, бұлардың жұлдыз құрттары қуыршақтануы үшін жіп шығарады. Бұларға тағыда толып жатқан молллюскілер де жатады, олардың бақалшақтарын сәдеп(перламутр) бұйымдарын жасауға немесе маржан шығаруға өндірісте шикізат есебінде пайдаланылады. Губкалар (туалет губкасы), қызыл маржан кейбір жәндіктер жатады. Медициналық сүлікті де осыларға жатқызуға болады, өйткені қазір сүлікті табиғаттағы бар жерінен алып қана қоймай, медицинада пайдалану үшін асырап та өсіретін болады.

Омыртқасыздар- ауыл шаруашылық дақылдарын,  пен бау-бақша дақылдарын тозаңдатушылар.

Бұларға көптеген жәндіктер  жатады, тозаңдатушылар ретінде бұлардың маңызы өте зор. Тек айта кететін бір жағдай сол, кейбір ауыл шаруашылық өсімдіктерін, мысалы, қызыл жоңышқаны, тозаңдатуда бал арасының да үлкен маңызы бар.

Омыртқасыздар – ауланатын балықтарға және құстар мен аңдарға азық қоры.

Бұларға балық үшін тамақ болатын су шаян тәрізділер, моллюскілер, еркімен жүретін құрттар, кейбір тікен терілер, жәндіктер, алжер бетіндегі формалар үшін – көбінесе түрлі жәндіктер, олардың лечинкалары және біраз жер құрттары жатады.

Омыртқасыздар – зиянды омыртқасыздарды құртушы және олардың паразиті.

Бұларға көбіне шаршарлар (наездниктер) сияқты кейбір жәндіктер жатады, өйткені бұлар өздерінің жұмыртқаларын зиянды көбелектердің жұлдыз құрттарының ішіне салып, ондай зиянды жәндік түрлерінің өніп өсуіне кесел болып, санын азайтады. Зиянды жәндіктерді жоюда жыртқыш көп аяқтылардың да, сондай-ақ паразит жұмыр құрттардың да, біраз маңызы бар.

Омыртқасыздар – топырақ түзетушілер.

Бұларға, әсіресе, жер құрттары яки жаңбыр құрттары жатады, өйткені бұлар топырақты қобсытып, топыраққа органикалық қалдықтар қосады. Топырақ тіршілігінде топырақтағы бір клеткалардың да, (амеба, талшықтар, инфузориялар ) елеулі маңызы бар.

Сонымен омыртқасыздардың адам баласына пайдалы жақтары орасан екендігін және бәрінен бұрын түрліше екендігін көреміз.

Омыртқасыздардың – адам баласына және оның шарушылығына келтіретін зияны мына түрде:

Омыртқасыздар – Адам баласының бірқатар аурулар туғызатын, тікелей паразиттері.

Бұларға кейбір бір клеткалылар жатады, бұлардың ішінде алдымен, жер шарында жыл сайын 200 000 000 шамасындай адамды ауруға шалдық тыратын, безгек ауруын туғызатын безгек масасы болады. Бұдан басқа кенелердің арасынан және әсіресе жәндіктер арасынан шығатын (биттер, бүргелер, қандалалар) сыртқы паразитттер жатады.

Үй жануарлардың және кәсіптік маңызы бар жануарлардың паразиті болып саналатын омыртқасыздар.

Бұларға бірқатар бір клеткалылар, көптеген жалпақ және жұмыр құрттар, аздап сүліктер, сушаян тәрізділер (кәсіптік маңызы бар балықтар үшін), кенелер және көптеген жәндіктер жатады.

Ауылшаруашылығының дақылдарының паразиті болып саналатын омыртқасыздар.

Бұларға бірқатар жұмыр құрттар, мысалы, қызылша нематодасы, бидай нематодасы және кейбір басқа құрттар, кенелер және жәндіктер жатады.

Омыртқасыздар – адамның, үй жануарларының және ауылшаруашылық өсімдіктерінің ауруларын таратушылар.

Мұнда өздері паразит болғанымен, бірқатар аурулардың онда да тіпті түрліше аурулардың қоздырғыштарын тасып, басқаларға жұқтырушы болып табылады. Бұларға құрсақ аяқты моллюскілер, аздап су шаян тәрізділер, көптеген кенелер мен жәндіктердің  көбісі (мысалы, шыбындар т.с.с) кіреді.

Омыртқасыздар – Ауылшаруашылығы мен орман шаруашылығының зиянкестері.

Бұларға түрлі жәндіктердің  толып жатқан түрлері, кенелер, кейбір бауыраяқта моллюскілер, мысалы, жалаңаш шырыш жатады.

Омыртқасыздар – түрлі қорлардың зиянкестері.

Бұларға – дәндер мен ұндарды бүлдіретін түрлі жәндіктер мен кенелер (бізтұмсық, ұн-дән қоңызы, ұн-дән кенелері) жатады. Жұлдыз құрттары Жүнді және жүннен істелген бұйымдарды құртатын кәдімгі күйе көбелегі көпке белгілі.

Улы омыртқасыздар.

Бұларға бір қатар өрмекші тәрізділер (шаяндар, өрмекшілер ), көпаяқтылар және жәндіктер жатады. Бұл жәндіктер шаққанда, өздерінің уымен тіпті адамды да, және үй жануарларын да өлтіріп жібереді (әсіресе тропиктегі ірі формалардың улылығы осындай болады) немесе қатты улайды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий