0 комментариев

Атын көбісі біле бермейтін Гиза пирамидасы қай перғаунға арналылып тұрғызылған және қай жерде орналасқан. Осы сұрақтың жауабын және басқа да  қызықты ақпараттарды kyn.kz  сайтынан оқи аласыз.

Гиза пирамидасы сәулет ғимараты перғауын Ментухотеп 1-дің басына тұрғызылған ғибадатхана Ніл дариясында батыс жағалауда Бахиир баурайында салынды. Ғибадатхананың өнер тарихында өзінің ерекшелігімен сәулеттік тың әдіспен тұрғызылған құнды ғимарат.

Ғимараттың біраз бөлігі жартастан қашалып тұрғызылды. Бағаналар тізбегінің үстінде маңдайша орнатылған. Негізінен ғибадатхана екі қабаттан тұрады, бірінші қабатта маңдайша бөлігінде ортасында көтерме жол салынған. Ғибадатхананың атын шығаратындай бірнеше ерекшенітері бар. Оның біріншісі Ескі Мысыр патшалығы тұсында сәулет өнері әдісі жымдасып, жарасым тауып тұрғандай Екіншісі ғибадатхана табиғатпен байланыса жоғары үйлесімділік сәйкестікке қол жеткізуі. Жартысы қия жартастан қашалып, тұрғызылған ғибадатхана қашалып тұрғызылған ғибадатхана айналасында әсер қалдырады. Бұл кезде сәулетшінің ірі жетістігі. Осынау атақты аңызға айналған ғибадатхана сол дәуірдің ірі сәулетшісі Иртисен жобалап салды.

Мысыр перғауындары осыдан кейін де өз биліктерін Мысыр жерінде тиянақтай түсті .Экономикалық шаруашылық реформалар жүріп, әскери күш шыңда лып, қуатты мемлекетке айналды. Патша биліктері перғауындар Сенсурет Аменхотеп тұсында барынша шыңдайды. Олардың тұсында жазиралы Нубии жері басып алынып өз иеліктерін қаратты. Жаңа жерлерге тұрақтап иелік етуге ірі қорғандар биік те берік тісті мұнаралар және каналдар салынды.  Фаюм жазығында суландыру жүргізіліп елдің экономикасын біраз өркендеді. Сонымен бірге осы кезеңді сәулет өнері бейнелеу өнері де біраз алға дамыды. Сәулет кешенінің әсіресе патша Аменхотеп ғибадатханасының айрықша атап өтуге болады. Бұл ғимарат айрықша патша бұйрығымен тұрғызылған. Өнер деп атайтын шығармашылық көз аясындағы дүниені өзінше бейнелейтін адамдар түсінігінде үлкен сиқырлы күшке ие болады. Египеттіктерге өмірдің табиғи ағысын бұзушылық болып көрінген ажалды тоқтату жеңіп шығу жөніндегі ынтық үміт аруаққа табыну, Египеттің бүкіл өнеріне өз таңбасын салды. Ежелгі Египеттік құл иеленуші қоғамның тоқырау сипаты жалпы Египеттік өнердің бір сарындылығын белгіледі. Египеттік суретшілер өздерінің жеке қасиеттерін өздерінің творчестволық тынысын таныта білді. Жалпы алғанда қатып қалған сияқты, бірақ өз қуаты жөнінен жаңадан пайда болған әрі қайталанбас стильдің айқындылығы мен мүлтіксіздігі жөнінен үздік асқаралы сұлулығымен мәңгі табындыратын Египет өнері сонымен бірге өзінің жанды нәзіктігімен, дүниені дүркіреткен алып қанат серпіні арқылы ерекше тартымдылығымен елітеді.

Мазардағының оның архитектурасындағының онда салынған суреттер мен мүсіндер қаза болған адамды риза ету үшін оған толтырылатын барлық сән салтанат өмір сұлулығын Ежелгі Египеттіктер өз қиялымен елестеткен сабырлы асқақ сұлулықты білдіруге тиіс. Египет патшалары мен шонжарларының суреттегі музейлерге қойылған. Мазарларда өмірдің сұлулығын бейнелеген ұлы Египеттік өнер бүгінде тірі. Египеттік аңыз уақыт өзені пирамидалардың мызғымас сұлулығының алдында дәрменсіз. Перғауындардың өздері жөнінде олардың күш қуатымен істері жөніндегі түсінік баяғыда-ақ «ұмытылу құрдымына» кеткен, кәзіргі кезде де осы алып мазарларға қарап, біз «жер бетіндегінің бәрі уақытын сескенеді, ал уақыт пирамидалардан сескенеді», – деген қанаты сөздерді еріксіз қайталаймыз. Тас алыптар жерден көтеріліп жаңа орындарға тасылды жартаста ойып жасалған ғимараттар осылай мұқият бөлшектеліп содан кейін бұрынғы күнінде қалпына келтірілді бірнеше мың жылдар бұрын жасалған алып ескерткіштер құм арқылы басқа жақтарға қарай бет алды. Кезінде тек адам қолымен орнатылған алып ескерткіштер енді осы заманғы ең қуатты техниканың көмегімен көшірілді.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий