0 комментариев

Сырым Датұлы бастаған көтеріліс кіші жүздегі 1783–97 жылдардағы патшалық Ресейдің орталық саясатына қарсы болған көтеріліс. Көтерілістің басты қозғаушы күші – қарапайым көшпелі халық пен патша үкіметінің қысымына шыдамаған би, старшын және батырлар болды. Осы көтерілістің басталуымен көтерілістің ең бастысы себебі туралы ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Қазақ жеріндегі билікті нығайту үшін патша үкіметі бірқатар шараларды жүзеге асыра бастады. Кіші жүз өз дербестігін жоғалтып, олардың саясатын Орынбор билігі жүргізді. Бұл – Нұралы ханның халық арасындағы беделінің төмендеуіне әкелді. Ханның адамдары тек салық жинаумен айналысып, елдегі ауыр жағдайға назарын аударған жоқ. 1775 жылғы 7 қарашадағы жарлық бойынша, патша әкімшілігі қазақтарға Ертіс пен Орал өзендерінің арасындағы және Каспий теңізінің жағалауындағы аймақтарды жайылым үшін пайдалануға рұқсат берді. Алайда, Орал казактары өз қарсылығын білдіріп, бұл жерлерді қолдануға тыйым салды. Олар көшпенділердің ауылдарына тұрақты түрде шабуылдар жасап, өз аумағын үнемі кеңейтіп отырды. Осы және басқа да заңсыздықтар Кіші жүздің наразылығын тудырды.

Отаршылардың қысымына ұшыраған жергілікті халық, көтерілісті бастауға мәжбүр болды. Ұлт-азаттық қозғалысты – Байбақты руының батыры Сырым Датұлы басқарды. Ол өз батылдығымен және қайсарлығымен ерекшеленген, замандастарының арасында шебер шабандоз ретінде танымал болған. Көтерілістің басты қозғаушы күші – көшпенді шаруалар болды. Сондай-ақ, бұл қозғалысқа билер, батырлар және старшындар қатысты.

Басталуы 1778 жылы казак әскерімен болған қарулы қақтығыс кезінде, Сырым Датұлының ұлдары қаза болды. Бірақ, жағдайдың қиын екенін түсінген қолбасшы, патша үкіметіне ашық түрде қарсылық көрсетуден бас тартты. Ашық соғыс қимылдары тек 1783 жылы басталды. С.Датұлы жекелеген қарулы отрядтарды, мықты қарулы жасаққа біріктіре алды. Сағыз өзенінің жағасында өткен ірі шайқаста, 4000-ға жуық қарулы сарбаз қатысты. Осындай ұрыстардың бірінде ол тұтқынға алынып, Нұралы ханның көмегімен 1784 жылы босатылды. Бірақ, Нұралы көтерілісшілерді қолдағысы келмеді, сол себепті, екеуінің арасындағы қарым-қатынас үзілді. Көтерілістің өрбуі, Петербургты қатты алаңдатты.

Ресей империясының мүдделеріне төнген қатерді жою мақсатында, 1785 жылы генерал Смирновтың басшылығымен қаруланған бөлішме құрылды. Орыстар қазақ ауылдарына шабуыл жасап, адамдарды тұтқынға алды, ал олардың малдарын айдап әкетіп отырды. Ресей билігі осындай әрекетпен, көтерілісшілерді бағындыруға тырысты. Сырым жаудың саны көп екендігін ескеріп, ашық қақтығыстарға түсуден бас тартты. Оның орнына партизандық соғысты таңдап, кішігірім шекара бекіністеріне, орыс елді мекендеріне және сұлтандардың ауылдарына шапқыншылық жасап отырды. 1785 жылдың көктемінен бастап қозғалыс кеңейіп, бүкіл Кіші жүзді қамтыды. Қазақ халқы Нұралы ханнан бет бұрып, ол Калмыков бекінісіне қашуға мәжбүр болды.

1797 жылы көтерілісшілер отряды шекараға жақын жерде Есім ханды өлтіріп, қазақ даласында бас аламандық кезеңі туды. Патша әкімшілігі, Айшуақ сұлтанды Кіші Жүздің ханы етіп жариялады. Осыдан кейін, 14 жылға созылған шаруалар көтерілісі құлдырап, көп ұзамай тоқтады. Сырымға қарсы күрес күшейіп, ол Хиуаға қоныс аударды. 1802 жылы белгісіз себеппен көз жұмды. Сырым Датұлы қайтыс болғанда, оның асына – 2500 қошқар мен 2000 жылқы сойылған. Келушілердің саны көп болғаны соншалық, бірнеше жүздеген киіз үйлер орнатылды. Бұл – батырдың ел арасындағы беделі қаншалықты жоғары болғандығын көрсетеді.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий