0 комментариев

Ежелгі Түрік қағанаты туралы ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Ұлы қоныс аудару оқиғасы (ІІ-Vғ.ғ) Қазақстанның , Орта Азия мен Шығыс Еуропа халықтарының тарихында үлкен өзгеріс енді. V ғасырда түркі тілдес теле тайпасы Солтүстік Моңғолиядан Шығыс Еуропаға дейінгі далада өмір сүрді, ал оңтүстікте көшіп – қону жайылымдары Амударияның жоғарғы ағысына дейін жетті.

535 жыл – түрік қолбасшысы Бұмын Алтай даласындағы түркі тілдес тайпаларды біріктіре бастады. 546- жылы теле тайпасы түріктерге қосылып, үлкен күшке ие болған.  Бумын 552 жылы 50 мың әскерімен авар жуань-жуань мемлекетін талқандады.

552 жылы Түрік қағанаты мемлекетін құрылып, Бумын өзін қаған билеуші деп жариялады.

«Түрік» атауы алғаш рет 542 жылғы қытай деректерінде кездеседі.  Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпағы деп санаған. Алғашында «түрік» этнонимі әскери шонжарлар деген мағынаны білдірсе, кейін үстемдік етуші тайпа осылай аталды.

Бумын қағанның ізбасарлары Қара Ыссық және Мұқан қағандар тұсында мемлекет Орталық Азияда саяси үстемдікке жетті. Түріктер Маньчжуриядағы қидандарды Енисейдегі қырғыздарды, Солт. Қытай мемлекетін  бағындырды. VI ғасырда Қазақстан жері Түрік қағанатының иелігінде болды.

Түріктердің Орта Азияны алудағы басты қарсыласы- эфталиттер. Бұл – Каспий теңізінен Солтүстік Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейінгі жерде созылып жатқан күшті мемлекет.

561-563 түріктер эфталиттерге қарсы Иранмен әскери одақ құрды.

564 жыл- Иран шахы Хұсрау Ануширван Тоқарыстанды жаулады.

567 жыл- Бұқар түбінде түріктер эфталиттерді жеңді. Орта Азиядағы жеңістерден кейін түріктер Ұлы Жібек жолын бақылауда ұстады.

Түріктер және олардың қол астындағы соғдылықтар Византия сауда байланысын жасауға ұмтылды. Бұған Иран кедергі болды. Соған байланысты 568 жылы соғды көпесі Маниях бастаған түрік елшілігі Константинопольге келіп, Византия императоры II Юстинианмен  сауда және әскери шарт жасасты. Түрік – Византия одағы нәтижесінде:

  • Иран түріктерге жылына 40 мың алтын динар салық төлеуге
  • Сауда қатынасына бөгет болмауға міндеттелді.

575 жыл- Иран мен Византия келісімі нәтижесінде , Византия өзінің Кавказдағы  вассалдарын түріктерге қарсы қойды.  Түріктер жауап ретінде Киммерия Боспорын талқандап, Қырым мен  Батыс Кавказға  соғыс жорықтарын жасады.

Түрік қағанаты 10 ұлысқа бөлінді. Әр ұлыста басқарушы шад басқарды. Ұлыстық үстемдік белгісі ретінде 10 алтын жебе берілді.

Естеми қаған мен оның ұлы Түріксанфа тұсында қағанат әлсіреді. Басты себептері:

  • Ішкі тартыстар
  • Әлеуметтік қайшылықтар
  • Көрші елдермен соғыс.
  • 603 жылы қағанат екіге бөлінді: Батыс және Шығыс Түрік қағанаттары. Қазіргі Қазақстан территориясы Батыс Түрік қағанаты құрамына енді.
Изменен статус публикации
Добавить комментарий