0 комментариев

Батыс Түрік қағанаты туралы ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Қағанаттың орталығы – Жетісу. Астанасы – Суяб қаласы. Қырғызстандағы  Тоқмақ қаласының маңы, жазғы ордасы – Мыңбұлақ. Түркістан, төңірегі.

Халқы ежелгі үйсін жерінің Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі аралықты қоныстанған 10 тайпадан тұрды. Тайпа екіге бөлінді:

Дулу – Шу өзенінен шығысқа қарай орналасқан бес тайпа

Нушиби – Шу өзенінен батысқа қарай мекендеген 5 тайпа.

Қоғамдық құрылымы. Қағанатты түріктің ашна тайпасынан  шыққан ақсүйектер биледі.  Қаған – ең жоғарғы билеуші, әскер басы және бүкіл жердің иесі.

Қаған. Шад, жабғу, елтебер ашна руынан шыққан жоғарғы шенділер

Бек. ру, тайпа басқарушысы, тархан, сот қызметін атқарушылар

Тұдын салық жинаушы.

Қара бұдын- қарапайым халық.

Таттар – құлдар.

Халқы үйсіндер, қаңлылар. Қағанаттың күш қуаты Жеғүй  және Тон-жабғу қағандар тұсында арта түсті. Олар Тоқырыстан мен Ауғанстаға  жаңа жорықтар жасап қағанат шекарасын солтүстік- батыс Үндістанға дейін созды.

Көрші мемлекеттердің соғыс ашудағы мақсаттардың бірі құл иелену. Датсу қаған көрші  елдермен сауда байланыстарын жүргізіп, Қара теңіз жағалауына және Шығыс Түркістанға табысты жорықтар жасады.

Батыс Түрік қағандары жаулап алған аймақтардың саяси жүйесіне өзгерістер енгізбей, тек салық жинаумен шектеледі.

16 жылға созылған 640-657 ж тайпааралық соғыстар қағанатты әлсіретудің салдарынан Таң империясы Жетісуды басып алды.

Түріктердің Таң империясына қарсы күресі қағанат құрамындағы түркештердің күшеюіне әкелді.

704 жыл – түркештер Жетісудағы саяси билікті жеңіп алды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий