0 комментариев

Түркеш қағанаты туралы ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Түркештер Шу мен Іле өзені аралығында қоныстанған. Алғашқы қағаны – Үшелік. Территориясы: Шаш (Ташкент) Түрапан – Бесбалық аралығы.  Астанасы- Суяб, жазғы  ордасы – Күнгіт қалалары (Іле өзен  бойында). Бүкіл жер 20 үлесті аймаққа түтік бөлінді. Әр түтікте  7 мың әскер болған. Қағанат екі қарсылас топқа бөлінді.

Сары түркештер, ордасы – Суяб (Шу өзені бойында).

Қара түркештер, ордасы – Тараз   (Талас өзені бойында).

VIII ғасырдың басы 705 жыл.

Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың соғдылармен  одақтасып, Бұхар маңында арабтарды жеңді. 709 жыл – араб қолбасшысы Күтейбтің екі одақтастықтың арасында алауыздық туғызуының  салдарынан соғды ханы  Тархун көмектесуден  бас тартып нәтижесінде арабтар Бұхарды жаулады.

Үшеліктің ұлы Сақал қаған бүкіл Орта Азияны бағындырды. 708 жылы сары түркеш пен қара түркеш арасында шиеленіс күшейді.  711 жыл -қара түркештер шақыруымен келген Шығыс Түрік қағаны Қапаған  Болучу  Жоңғария түбінде сары түркеш әскерін жеңді. Сақал қаған тұтқынға түсіп, қағанат күйреді.

Түркеш қағанаты 7 жыл өткеннен соң ғана қалпына келтіріліп, билікке Сұлық қаған келгесін қайта нығайды. Билік қара түркештерге көшіп. Орда Тараз қаласына ауыстырылды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий