0 комментариев

Қаңлылар туралы ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Қаңлы туралы мәліметтер б.з.б II ғасырда қытай деректерінде жазылған.  Б.з.б II ғасырда ” халықтардың ұлы қоныс аударуы” деп аталатын оқиға нәтижесінде. Орталық Азияда бірнеше жаңа мемлекеттік бірлестіктер пайда болды.  Соның бірі – қаңлы мемлекеті.

Б.з.б III ғасыр – Қазақстанның оңтүстігінде қаңлылардың тайпалық бірлестігі құрылды. Территориясы: Қаратау жотасы – Сырдарияның орта ағысы. Қаңлылардың ең негізгі атамекені – Сырдария өзенінің орта ағысы. Астанасы- Битянь қаласы  (Түркістан қаласының маңы). Халқы – 600 мың, 120 мың  үй. Билеушінің титулы – Хан. Бүкіл елді басқару ісін ханның 3 уәзірі атқарған.

Жазба деректерге қарағанда қаңлы елі 5 бөлікке бөлінген. Әр бөліктің кіші хандары болған, олар ұлы ханға бағынышты болды. Лауазымдық қызмет мұрагерлік жолмен берілді.

Соғыс тұтқындары құлға айналдырылып, құл еңбегі ұсақ малды күту, мал өнімдерін өңдеу, кейде қолөнер кәсібі және егін егуде қолданылады.

Б.з. қарсаңында Қаңлы ірі мемлекеттік бірлестікке айналып, Қытай, Рим, Кушан, Парфия, Кавказ мемлекеттерімен жан-жақты байланыс жасады.  Қаңлылар әскери одақ құрып, көрші тайпалар- ғұн және үйсіндермен соғысты.  Қаңлы мемлекеті өз жерімен өтетін Ұлы Жібек жолын үнемі бақылауда ұстауға ұмтылған.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий