Қимақтар туралы ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.
Ең алғашқы қимақтар туралы мәлімет қытай деректерінде кездеседі. Қытайлар қимақтарды “яньмо” деп атайды. Олар VII ғасырдың басында Монғолияның солтүстік – батысын мекендеп, VII ғасырдың ортасында
Алтайдың солтүстігіне Ертіс бойына қоныс аударды.
VIII ғасырдың II жартысы XI ғасырдың басында қимақтар 3 бағытта көшті.
Оңтүстік Оралға
Сырдария мен Оңтүстік Қазақстанға
Солтүстік- Шығыс Жетісуға.
Қимақтар территориясы VIII- IX ғ : Орта Ертіс Жоңғар қақпасы, Оңтүстік Орал – Сырдария өңірі.
Астанасы- Қимақия (Ертіс бойында).
Билеушісі-жабғу (байгу). X ғасырдан бастап – қаған.
Қимақтар тегінің щығуы жайында дерек парсы тарихшысы Гардизи еңбегінде XI ғ. кездеседі. Оның айтуы бойынша қимақтар татарлардан тараған.
840 жыл – Ұйғыр қағанаты құлап кейін оның құрамындағы тайпалар қимақ бірлестігіне қосылды. Қимақ қағанатының құрамын 7 тайпа құрады:
эймур, имақ, қыпшақ, татар, баяндур, ланиказ, ажлар.