0 комментариев

Наймандар туралы ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Найман тайпалық одағы VIII ғасырдың ортасында Ертіс пен Орал өзендерінің бойында пайда болған.

Одақ құрамына 8 тайпа болған ( найман сөзі маңғолша сегіз деген ) мағынаны білдіреді. Наймандар батыста- қаңлы мен қарлұқтар, Солтүстікте Енисей қырғыздары, оңтүстікте- ұйғырлармен,  шығыста керейлермен шектеседі.

X ғасыр- найман мемлекеті құрылып, ол бірнеше ұлыстардан тұрды. Әр ұлыстың ханы болған. Билеушісі – Хан.   Салық жинаушы – герби. Ұлыс әскері ондық принціпке негізделді. Наймандар мен Керей мемлекетінде құқық нормалары қарапайым әдет-ғұрып жүйесінде негізделді. Наймандар мен керейлер мемлекетінде құқық нормалары қарапайым әдет ғұрып жүйесінде негізделді. Іс қағаздары ұйғыр жазуында жүргізілді.

1007 жыл – наймандар мен керейлер несториандық бағыттағы христиан дінін қабылдады.

1204 жыл – Шыңғыс хан наймандарды бағындырды. Найман ханы Күшлік өз адамдарымен Алтайға, Қара Ертіс алабына көшіп, сол жердегі найман, керей топтарына қосылды.

1211 жыл – наймандар жетісудағы билікті қарақытайлардан тартып алды.

1218 жыл Жебе ноян шабуылынан Найман хандығы құлады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий