0 комментариев

Керейлер туралы ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Керейлер туралы алғашқы жазба деректер  X ғасырда кездеседі. Керейлер батысында -наймандармен, солтүстігінде – меркіттермен, шығысында- татарлармен, оңтүстігінде- таңғұрттармен көрші тұрды. Керей хандарының екі астанасы болды.

Солт. Орхан өзені бойындағы Қатынбалық қаласы.

Оңтүстікте – Хуанхэ өзені бойында.

XII ғасырдың екінші жартысындағы территориясы: Селенга – Хуанхэ өзендері. Ханғай тауы Халқын көлі аралығы. Керейлер билеушісі Тұғырыл хан ордасында болашақ билеушілер мен көсемдер саяси және елшілік істерге тәрбиеленген.

1203 жылы моңғолдардың шапқыншылығынан Керей мемлекеті құлады.  Халқы бірнеше аймаққа тарады.

Моңғол мемлекетінің құрамына енді.

Солтүстік Қазақстан мен Жетісуға көшті.

Батыс Сібірге жылжып, Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері бойында мемлекеттік бірлестік құрды.

Бұл мемлекеттік бірлестіктің негізін салушы – Тайбұға хан. Астанасы – Чимга- Тура. Моңғол шапқыншылығынан кейін керейлер Жошы ұлысының құрамына кіріп, қазақтардың орта жүзінің тармағына енді.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий