0 комментариев

Өсімдіктің тіршілік формасы туралы ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Өсімдіктер мен ортаның тарихи ұзақ қарым-қатынасының нәтижесінде табиғатта өсімдіктердің экологиялық топтары (ксерофиттер, гигрофиттер және басқалар) ғана емес, тіршілік формалары да қалыптасқан. Жер бетін жауып тұрған өсімдіктер жамылғысының негізгі құрылым бөліктерін белгілеу үшін «өсімдік формасы» деген түсінікті алғаш рет өндірген ботаник ғалым А. Гумбольдт еді. Ол әуелі 19 өсімдік формасын ажыратқан, олардың кейбіреулері: банан, сүректі папортник, астық, мүк. Осындай «формалар» жиынтығы және олардың әркайсысының үлесі зерттелетін аймақ өсімдіктер жамылғысының бет пердесін (физиономиясын) анықтайды.

Кұрылымдық топтар және өсімдіктер жамылғысының географиясы туралы ғылымның басты кезеңі А.

Гризебахтың жұмысымен байланысты. Ол өсімдік формасының санын 60-қа дейін жеткізіп оларды «өсімдіктер формасы» деп атады.

Тіршілік формалары туралы ғылымның одан ары дамуы А. Н. Краснов, А. Б. Келлер, И. Г. Серебряковтың өсімдерімен тығыз байланысты. Белгілі ботаник — эколог А. Б. Келлердің (1933) айтуы бойынша, «тіршілік формасы деп өсімдіктердің дене құрылымымен, оның белгілі бір класқа, тұқымдасқа және туысқа жатуымен тығыз байланысты экологиялық бейімделу жүйесін түсіну керек». В. Алехин (1944) «тіршілік формасы өсімдіктің сыртқ көрінісінде бейнеленген, оның жергілікті тіршілік жағдайына ұзақ уақыт бейнелендіруің нәтижесі» деп анықтайды.

А.Б. Келлердің анықтамасында екі негіз: генетикалық (белгілі бір системалық топқа жатуы) және экологиялық бейімделу қамтылған. И. Серебряковтың (1962) анықтауында осы екі негіз қамтылады және де тіршілік формасының морфологиялық мәні жете сипатталады.

Өсімдіктердің тіршілік формаларының жүйесіӨсімдіктердің физиономиялық, яғни сыртқы бейнесіне негізделген жүйесін төмендегідей қарастыруға болады:

  1. Ағаштар — жер бетіндегі бөліктері толық сүректенетін көп жылдық өсімдіктер, қуатты жетілген ерекше жеке-дара бір діні болады.
  2. Бұталар — жер бетіндегі бөліктері сүректенетін көп жылдық өсімдіктер. Ағаштардаң айырмашылығы, ерекше жеке-дара діні болмайды, өзара шамалас бірнеше діні бар, бұтақтануы жер бетіне таяу басталатын сүректі өсімдіктер.
  3. Бұташықтар — бұталарға ұқсас, бірақ бойы аласа, 50 см-ден аспайды (қара жидек, переск).
  4. Жартылай бұталар — өркендерінің төменгі бөліктері ғана сүректеніп, жоғарғы бөліктері жылма-жыл қурап түсіп отырады (жусандар, жебір).
  5. Лиандар — сабақтары арқылы өрмелеп, жармасып және шырмалып өсетін өсімдіктер (жүзім, құлмақ, барқытшөп, шырмауық).
  6. Жастықша өсімдіктер — қоректік заттарға кедей тасты, құмды, шымтезекті және суық жерлерде өсуге бейімделген. Негізгі морфологиялық және физиологиялық ерекшелігі: тығыз бұтақталған, ұзарып өсуі шектелген, аласа, өркендері бір-біріне тығыздалып, жақындаған, өркеннің жоғарғы жағы дөңгеленіп шырпылған тәрізді. Сондықтан жастық пішіндес болады. Жастықша өсімдіктер іш жағыңда ылғал, жылу сақтайды. Бұлар биік тау шындарының, мұхиттағы тасты аралдардың теңіз жағатауларының арктикалық тундраның өсімдіктері.
  7. Суккуленттер — су қорын сақтайтын шырыңды өркенді көп жылдық өсімдіктер (түбіртек, кактустер, агавалар).
  8. Шөптесін өсімдіктер көп жылдық және бір жылдық, бұлар тіршілік формаларының мынадай топтарына бөлінеді: кіндік тамырлылар, шашақ тамырлылар, ұзын және қысқа тамыр сабақтылар, жуашықтылар, шымдылар, түйнек түзушілер, жер бетінде төселмелі және жер бетінде столондылар.

Бұл жүйелеудің негізіне өсімдіктің сыртқы ортаның әсерінен пайда болған өсуінің сыртқы көрінісі және вегетативтік мүшелері тіршілігінің ұзақтығы алынған.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий