0 комментариев

Күн ол тіршілік көзінің бірі. Бәріміз білетін күн бізге жылу сыйлайды, жарық береді және тағы да қандай пайдасы бар екендігін kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Күн – біздің планетада болатын табиғи процесстердің басты қозғалтқышы. Ол – Жерге жарық және жылу береді. Бұл жұлдыз болмаған жағдайда – ең кішкентай микроағзалардың өзі, тіршілік ете алмас еді.

Ультракүлгін сәулелері – атмосфераның антропогендік факторларынан туындаған ластануды тазартады және атмосферадағы шаң мен түтіннің бөлшектерін жояды. Сонымен қатар, адамға аз мөлшерде ультракүлгін қажет. Ол D дәруменін өңдіреді. Бұл дәрумен жеткілісіз болса, адам ұйқысыздық және тез шаршаудан зардап шегеді. Сондықтан, Күннің астында жүру пайдалы.

Жерден 140 миллион километр қашықтықта болғанына қарамастан, оның гравитациялық өрісі, біздің ғаламшарды стационарлық орбитада сақтап тұрады. Сондықтан, біз ғарыш кеңістігіне ұшып кетпейміз.

Озон – планетаның өмірі үшін өте қажет. Ол Күн сәулесі және Жердің магнит өрісінің, өзара әрекеттесуінен пайда болады.

Күн сәулесінің әсерінен және атмосфералық қысымның төмендеуінен, Жер бетінде тұман, жаңбыр, бұршақ және дауыл сияқты табиғи құбылыстар пайда болады. Сондай-ақ, желдің, торнадоның, теңіздегі толқындардың және бұлттардың қалыптасуына да, осы аспан денесі себепкер.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий