0 комментариев

Қарахан хандығы туралы ақпаратты  kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Қарахан хандығы 942-1210 жылдар. Қарахан мемлекетінің қалыптасуында Жетісуды мекендеген қарлұқ бірлестігінің тайпалары басты рөл атқарады. Қарахан әулетінің негізін салушы- Сатұқ Боғра хан (942 жыл).  Мұса хан 960 жыл исламды мемлекеттік дін етіп жариялады. Қағанатқа 990 жылы Тараз. Исфиджаб. 992 жылы – Хотан. Бұқара. 999 жылы- Саманилер мемлекеті қосылды.

XI-XII ғасырлардағы территориясы  Мәуереннахр – Қашғар аралығы. XI ғасырдың 30 жылдары мемлекет екіге бөлінді :

Батыс хандық астанасы – Бұхар,  территориясы – Мәуереннахр

Шығыс хандық астанасы – Баласағұн, территориясы – Жетісу. Қаңғар аймағы. Тараз. Исфиджаб. Шаш. Ферғана.

1089 жыл – қарахандықтар селжұқтарға вассалдық тәуелділікке түсті. 1102 ж – Баласұғын мен Тараздың билеушісі Қадырхан Жебірейіл Мауереннахрды жаулап, Амударияға дейінгі жерді өзіне қаратты. Термезге

шабуыл кезінде селжұқтардан қаза тапты. 1128 ж – қарақытайлар Шығыс хандықты жаулап, Жетісуда қарақытайлар билігі орнайды.

Сұлтан Санжар тұсында селжұқтардың Мауереннахрға ықпалы артқан кезде қарахандықтардың саяси құлдырауы басталды.

Осыны пайдаланған қарақытайлар XII ғасырдың екінші ширегінде Шығыс Қарахандықтың қалған иеліктерін түгел басып алып, Батыс хандыққа шабуылдайды.

1141 жыл -қарақытайлар Қарахан мемлекетін түгелдей бағындырды.

XIII ғасырдың басы  Қарахан мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий