0 комментариев

Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолы туралы  ақпаратты kyn.kz  сайтынан оқи аласыз.

Ұлы Жібек жолы туралы алғашқы мәліметтер будда діндары Сюань-Цзяннің қолжазбаларынан білеміз (620-630 жылдар). Б.з.б. III-II ғасырлар – жібек жолымен алғашқы сауда байланысы жасалған.

Ұлы Жібек жолы – ежелгі және орта ғасырларда Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі. Бұл жол Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтіп, бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды:

Лазурит жолы: Балдахшан тауы- Иран, Месопатамия , Мысыр, Сирия, Қытай.

Нефрит жолы: Жаркентдария- Шығыс Түркістан, Қытай.

Дала жолы. Қара теңіз жағалауы Дон оңтүстік, Орал-Ертіс, Алтай жоғарғы Ертіс. Зайсан көлі.

Қазақстан жеріндегі  Ұлы Жібек  жолының негізгі бағыттары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтіп, 4 тармаққа бөлінді:

Батыстан шығысқа бағытталатын жол

Іле бағыты

Еуропа бағыты

Орталық және Шығыс Қазақстан бағыты.

Құлан қаласы- қазіргі Луговое селосының орны. Іленің оң жағалауында қазіргі Көктал поселкесінің орнында Ілебалық  қаласы болған. Іле аңғарындағы үлкен қала- Екіоғыз қаласы, қазіргі Дунгановка селосының орны. Вильгельм Рубрук бұл қалада ирандық көпестердің сауда орындары болғанын айтады.

Сырдарияны бойлай жүретін керуен жолындағы ең ірі қалалар – Отырар мен Шауғар. Отырар көптеген керуен жолдары түйісетін қала. Шауғар (Қара тау) VIII ғ. деректерінен белгілі. Орталық және Шығыс Қазақстан бағытындағы “Хан жолы” деп аталатын соқпақ бағыты: Тараз қаласы- Талас өзені Мойынқұм, Бетпақдала – Атасу өзені.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий