0 комментариев

Алтын Орда туралы ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

1227 жылы Жошы қайтыс болып орнына ұлы Батый отырды. 1235 жыл- Қарақорымда құрылтай өткізілді.

Еуропаға жорық мәселесі.

Әскер қолбасшылығына Батыйды сайлау.

Батый әскерінің негізін қыпшақтар құрады, ал моңғолдар аз болды. 1236-1242 жылғы жорықтар нәтижесінде Батыс Дешті Қыпшақ, орыс князьдықтары Мордова, Еділ бұлғарлары, Қырым, Солтүстік Кавказ, Польша, Венгрия, Чехияны жаулады.

1243 жыл – Еділдің төменгі бойында Алтын Орда мемлекеті құрылды.

Территориясы: батыста Днестрге, Шығыста Ертіске дейінгі жер, солтүстік – шығыста Солтүстік Хорезм, Сырдария аймағы. Астанасы – Сарай Бату, кейіннен Сарай – Берке қаласы.

Алтын Орда шығыс деректерінде Жошы ұлысы, Жошы ұрпақтары атымен Батый ұлысы, Берке ұлысы деп аталады. Алғашқыда Алтын Орда моңғол  империясының құрамындағы  ұлыс болды.   XIII ғасырдың 60 жылдарынан дербес хандық болып бөлінді.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий