0 комментариев

Алтын Орданың қоғамдық құрылымы туралы ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Алтын Орда – көп ұлтты мемлекет. Көшпелі халқы негізінен түркі тілдес тайпалар – қыпшақтар, наймандар, қаңлылар т.б. Отырықшы халқы – Еділ бұлғарлары қазіргі Қазан татарларының арғы тегі мардварлар, орыстар, хорезмдіктер т.б. Моңғолдар аз болды. XIII-XIV ғасырларда жазба деректерде Алтын Орда халқын “татарлар”  деп атаған. Тілі – қыпшақ тілі.

Мемлекет Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Қазақстан жерінде Шыңғыс ханның “Ясы” заңдар жинағы және отырықшы аудандарда шариғат заңдары қолданылды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Шыңғыс хан ұрпағы ғана хан болып сайланды.

Ханнан кейінгі әлеуметтік басқарудың ең жоғарғы тобы – сұлтандар, төрелер, оғландар.

Ордада ұлыстық жүйе қалыптасып, Батый хан тұсында мемлекет екіге бөлінді:

Оң қанат-Батый  хан билігі.

Сол қанат – Орда Ежен ханның билігі. Қазақстан жерінің көп бөлігі сол қанат құрамына енді.

Басқару құрылымы:

Құрылтай – ақсүйектер жиналысы.

Диван- ең жоғарғы атқарушы орган, қаржы, салық мәселесін, мемлекеттің ішкі істерін атқарды, басқарушысы – уәзір.

Беклербек- әскерді және дипломатиялық істерді басқарушы.  Даругтер, басқақтар – бағынышты елдерді басқарушы және салық жинаушлылар.

Нояндар, бектер, әмірлер, баһадүрлер-әскербасылар.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий