0 комментариев

Алтын Орда туралы ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде XIII-XV ғ. басында Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Алғашқыда бұл мемлекет Алтын Орданың құрамында болды. Ақ Орданың  негізін қалаушысы – Орда Ежен 1226-1280 ж. Жошының үлкен баласы. XIV ғасырдың екінші жартысында Алтын Орда  билігі әлсіреп, Ақ Орда күшейіп дамудың ең жоғарғы сатысына жетті. Территориясы: Сырдария алқабы, Арал теңізінің солтүстік шығысынан Есіл, Сарысу өзендеріне дейінгі жерлер. Ірі қалалары : Сығанақ, Иасы, Сауран, Жаркент. Астанасы – Сығанақ. Халқы – өзбек-қазақ. Алғашқы ханы – Сасы Бүка (1309-1315 ж.)

Мұрагері – Ерзен хан (1315-1320 ж) тұсында:

Қала өсіп, қолөнер өркендеді.

Сауда дамыды.

Ұлыстардың шекараларын белгілеп, басқаруға өз сұлтандарын қойды.

Ислам дінін нығайтып, мешіт, медреселер ашты.

Мүбәракқожа хан 1320-1344 ж. Алтын Ордаға бағынбай дербес саясат жүргізуді ойлады.

1354-1364 жылдар аралығы – билік үшін тартыста 12 хан қаза тапты.

Орыс ханның 1364-1375 ж кезінде Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп, тәуелсіз хандық болып жарияланды.

Ол XIV ғасырдың 70 – жылдары Астраханьды 1374-1375 жылдары Сарай – Беркені алды. Ақ Ордаға Мауренахр билеушісі – Әмір Темір қауіп төндірді.  Орыс хан өлтірген Маңғыстау билеушісінің баласы Тоқтамыс Әмір Темірді паналайды. Темір бұл жағдайды пайдаланып, Тоқтамысты көп әскермен Ақ ордаға жіберді. Ұрыс барысында Орыс хан қаза тауып, Ақ Орда тағына Тоқтамыс отырды.

XIV ғасырдың 80 жылдары- Тоқтамыс Ақ Ордамен Алтын Орда жерін түгел бағындырып,  Темірге тәуелсіздігін жариялады. Осы кезден Әмір Темірмен Тоқтамыс арасында соғыс басталды.

1359 жыл кавказдағы Терек өзенінің аңғарындағы шешуші шайқаста Темір Тоқтамысты жеңіп, Сарай – Беркені қиратты.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий