0 комментариев

Әмір Темірдің  жорықтары туралы тың ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Темір- барлас тайпасынан шыққан  Тарағай бектің баласы (1336-1405 ж.ж) 1370 жылы Мәуеренахрдағы билікке ие болып, елді 35 жыл бойы басқарды.  Астанасы – Самарқанд қаласы. XIV ғасырдың 70-90 жылдары Шығыс Дешті Қыпшаққа, Жетісуға он рет жорық жасады. Ақ Ордаға Тоқтамысты қаруландырып жібергендегі мақсаты:

Түркістанды өзіне қосып алу.

Ақ Орда мен Алтын Ордаға жол ашу.

Темірдің Моғолстанға алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары басталып, кейін тағы да бірнеше рет шабуыл жасады.

1375-1377 , 1383 жылдары. 1383 жыл – Темір Иранға жасалған жорығынан оралып, бүкіл шығарған.  Хорезм халқын қырғынға ұшыратты. Астанасы Үргенішті тонады.

1389  (120 мың әскерімен), 1390 жылдары Моғолстанды қайтара шабуылдап, Жетісу жері қаңырап бос қалды. Алтын Ордаға қарсы бірнеше жорықтар жасады.

1389, 1391, 1395 жылдары. Әмір Темір XIV ғасырдың  90-жылдары Иран, Ирак; Ауғанстан, Кіші Азия, Еділ бойы, Кавказ, Қазақстан, Орта Азияны қамтитын империя құрды (барлығы 27 мемлекетті жаулады).

Әмір Темір өз үкіметінің тірегі ретінде ислам дінін барынша  қолдап, мешіт пен медреселер , Иассыда Ахмет Йассауи  кесенесін салғызды (1397ж).  1404 ж Темір Қытайға жорыққа дайындалды.

1405 жыл -Әмір Темір жолда ауырып, Отырарда қайтыс болды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий