Әбілхайыр хандығы туралы тың ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.
XV ғасырдың 20-жылдарында Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс аймақтарында тәуелсіз феодалдық иеліктер пайда болды.
1428 жыл- Шейбан ұрпағы Әбілхайыр (1428-1468 ж) осы аймақтардағы билікті қолына алды. Әбілхайыр Сырдария бойындағы қалалар мен Хорезм үшін Темір ұрпақтарымен ұзақ соғысты.
Шығыс Дешті Қыпшақтың бытыраңқы феодалдарының басын қосып “Көшпелі өзбектер мемлекетін” құрды. Территориясы: Жайық, Балқаш, Арал теңізі. Сырдарияның төменгі ағысы – Тобыл, Ертіс.
Астанасы-алғашқыда Тура, Орда-Базар (Батыс Сібір). 1146 жылдан -Сығанақ. Халқы-өзбектер, құрамында-қыпшақтар, наймандар, маңғыттар, қарлұқтар, қоңыраттар, қаңлылар, үйсіндер, т.б болды.
Елді 40 жыл билесе де, Әбілхайыр хан мемлекеттің ішкі саяси жағдайын тұрақты ете алмады:
Мемлекет бір орталықтан басқарылмады.
Бірнеше иеліктерге ұлыстарға бөлініп, олардың Шыңғыс әулетінің билеушілері басқарды.
Билік үшін Жошы ұрпақтары арасында өзара қырқыстар болды.
Толассыз соғыстар тоқтамады.
Әбілхайыр ханның жүргізген соғыстары:
1430 жыл- Тобыл өзені бойында Махмуд Қожаны жеңді, Хорезмді басып алып, Үргенішті талқандады. Махмуд және Ахмед хандарды жеңіп, Орда Базар қаласын тартып алды.
1146 жыл – Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркөкті жаулап, Сығанақты астана етті.
XV ғ. 50- жылдары- Самарқанд, Бұқарды шабуылдап, осы өңірдің ішкі саяси өміріне араласты.
1457 жыл – Үз Темір бастаған ойраттардан Сығанақ түбінде жеңіліп, онымен өзін қорлайтындай ауыр шарт жасасты.
Бұл жағдай Әбілхайыр ханның саяси беделін төмендетіп, нәтижесінде XV ғ. 50 ж аяғы – 60 ж. басында Өзбек хандығынан Жәнібек пен Керек сұлтандар бастаған халықтың бір тобы Моғолстанға көшті.
1468 жыл -Әбілхайыр хан Моғолстанға жорыққа аттанып, жолда кенеттен қайтыс болды. Оның мұрагері Шайх-Хайдар хан ішкі тартыста өлтірілді. Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шейбан (1470-1510 ж) қазақ хандарымен Сырдария мен Қаратау аймағындағы қалалар үшін ұзақ соғыс жүргізді.