0 комментариев

Ноғай Ордасы туралы тың ақпараттарды kyn.kz  сайтынан оқи аласыз.

Алтын Орданың ыдырауы кезінде пайда болған ірі мемлекеттік бірлестіктердің бірі – ноғай Ордасы.  Ол XIV-XV  ғасырларда Батыс Қазақстанның бір бөлігін алып, жаттыр. Территориясы: Жайық – Еділ арасы.

Ең ірі тайпасының атымен “Маңғыт жұрты”  атанған. Астанасы –  Сарайшық (Жайық өзені бойында).  Бұл – Қара  теңіз жағалауынан Орта Азияға дейінгі аралықтағы сауда жолындағы ірі транзиттік қала. Халқы – маңғыт, қыпшақтар, қоңырат, найман, арғын, үйсін, қарлұқ, алшын, тама тайпалары. Ноғай Ордасы этносаяси бірлестік ретінде пайда болды, оған енген тайпалар XV ғасырдың аяғында қалыптасқан ноғай халқының негізін құрады.

Ноғай – Алтын Орда әскерінің қолбасшысы, Жошы ханныңң немересі (1260-1306 ж) Кавказ, Персия, Польша, Венгрия, Болгария, Сербия орыс жерлерін шабуылдады. Египетпен дипломатиялық қатынас орнатты. 1273 ж. Византия императорының қызына үйленіп, туыстық қатынас орнатты. Берке хан өлгеннен кейін Доннан Дунайға дейінгі жер Ноғайдың бақылауында болды. Оның құрамындағы  рулар  Каспий маңына қоныс аударып, Ноғай елі атанды.

Ноғай Ордасының негізін салушы – Әмір Едіге (1395-1419 ж). Ол 15 жылдай Алтын Орданы билеп “ұлы әмір”  атанған.  Шыңғыс әулетінен хан сайлау Едіге әулетінің келісімінсіз қабылданбайтын дәстүрге айналды.  Ноғай Ордасы Едігенің ұлы, Нұраддин тұсында 1426-1440 ж. тұсында Алтын Ордадан бөлініп, дербес мемлекет атанды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий