0 комментариев

Сүйек бұл біздің ағзамыздың тірегі және ол әрбір тірі жан иесінің өмірінде маңызды рөл атқарады. Кез – келген қозғалысымыздың барлығы адам денесіндегі 200 жуық сүйектің арқасы. Ал енді осы сүйектің құрамының қандай болатындығын kyn.kz  сайтынан толық оқи аласыз.

Сүйек – дәнекер ұлпасының бір түрі. Ол – өте тығыз ұлпа. Сүйек сыртқы жағынан жұқа сүйек қабығымен қапталады. Сүйек клеткалары мен олардың өсінділерін клетка-аралық сұйықтық толған өте ұсақ өзекшелер қоршап жатады. Осы сұйықтық арқылы сүйек клеткалары қоректенеді және тыныс алады. Сүйек клеткаларының өзегі арқылы қан тамырлары мен жүйкелері өтеді. Сүйектің құрамы 30% органикалық және 60% бейорганикалық заттардан тұрады. Оның құрамында не бары 10% су болады.

Органикалық және бейорганикалық заттар сүйекке иілгіштік, серпінділік және мықтылық қасиет береді. Егер сүйекті біраз уақыт тұз қышқылына салып қойса, ол жұмсарады. Оны жіп сияқты түйіп, байлауға болады. Себебі, оның құрамындағы минералды заттар тұз қышқылының әсерінен еріп, ерітіндіге бөлініп, органикалық заттар ғана қалады. Егер сүйекті жағатын болсақ, органикалық қосылыстар жанып, су буланады. Сүйек құрамында тек минералды заттар ғана қалады. Сүйектің қаттылығы, негізінен, бейорганикалық заттарға байланысты. Адамның жасыұлғайған сайын минералды заттар көбейеді, сүйек сынғыш болады.

Сүйектің химиялық құрамына ішкі секреция бездері әсерін тигізеді. Қалқанша безінің маңындағы бездердің гармоны сүйектің органикалық және бейорганикалық құрамын реттейді. Қалқанша маңы бездерініің жұмысы күщейгенде, сүйекті минералды затар (кальций карбонаты мен фосфаты) нәжіс пен несіп арқылы шығып кетеді. Ал қалқанша маңы бездерінің жұмысы нашарласа, онда сүйектің өсуі және дамуы тежеледі.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий