0 комментариев

Сүйектің өсуі бұл қалай жүзеге асады ? Қандай заттардың жетіспеушілігнен және ағзада қай дәруменнің шамадан тыс болуы сүйектің өсуін баяулатады. Осы және сүйектің өсуіне қатысты сұрақтардың жауабын kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Сүйектің ұзарып, жуандап өсуі, шеміршек ұлпасы клеткаларының бөлінуіне және сүйек ұлпаларына айналып отыруына байланысты. Адамның қаңқасы 22 – 25 жаста қалыптасады. Гипофис гормоны жетіспегенде немесе жоқ болғанда, шеміршек клеткаларының көлемі үлкейеді, құрамында минералды зат азаяды. С витамині жетіспегенде, сүйек ұлпасының химиялық, морфологиялық (құрылымы) және қызмет атқару жүйелері бұзылады. Қаңқаның дұрыс дамуына Д витамині (әсіресе бас сүйегіне, омыртқаларға, қабырғаларға) әсер етеді. Мешел ауруымен ауырған баланың аяғы қисық, басы және қарны үлкен болады.

Сүйегінің құрамында минералды заттар үш еседей аз болып, витамині мөлшерден көп болса, сүйектің өсуі бұзылады. Д витаминінің жетіспеуі ересек адамдарда, әсіресе әйелдерде кездеседі. Жас босанған әйелдерде Д витаминінің жетіспеуінен сүйек аздап қисаяды. Д витаминінің жетіспеуі күн сәулесінің аз болуына, тамақтың құрамында кальций мен фосфордың қажетті мөлшерінің өзгеруіне, ішек және бүйрек ауруларынан минералды заттардың сіңірілуінің бұзылуына байланысты.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий