0 комментариев

Сүйектің өзара жалғасуы туралы ақпаратты kyn.kz сайтынан  оқи аласыз.

Сүйектердің дәнекер ұлпасы немесе шеміршек ұлпасы арқылы байланысын қосылу деп атайды. Сүйектердің қосылуының ерекше түрі бас сүйегінде кездеседі. Оны сүйектің тігісі деп атайды. Сүйектердің шеміршек ұлпасы арқылы қосылуы омыртқа жотасында кездеседі. Олардың серпінді және малы омыртқалардың қосылуы адам жүргенде, жұмыс істегенде омыртқа жотасының икемділігін қамтамасыз етеді және дененің тербелісі, қозғалысы кезінде соққыны бәсеңдетіп отырады. Буындар дененің көптеген сүйектерін жалғастырады, сан алуан қимыл-қозғалыс түрлерін жасауға мүмкіндік береді. Әрбір буынның құрылысы күрделі. Буын екі немесе бірнеше сүйекті қосады.

Сүйектің қосатын үстіңгі беті буын қалтасымен қоршалған. Буын қалтасының ішінде шеміршек сүйек, қоймалжың сұйықтық және май ұлпасы бар. Буын қалтасы немесе оның қабығы (капсула) екі қабаттан тұрады: сыртқы қабаты – талшықты, ішкі қабаты- буын сұйықтығы. Талшықты қабат – дәнекер ұлпасынан, сіңірден тұрады. Ол – өте берік, мықты қабат. Ішкі қабаты- эпителий ұлпасының ерекше түрінен құралған. Бұл ұлпа аса маңызды буын сұйықтығын бөледі. Буын сұйықтығы үйкелісті кемітіп, сүйек ұшының ойығында еркін қозғалысты қамтамасыз етеді, дененің қозғалысын жеңілдетуде маңызды рөл атқарады.

Сүйектің құрылысы әртүрлі. Сүйектер ұзын, қысқа, жалпақ та болуы мүмкін. Ұзын сүйектер – жілік деп аталады. Бұл сүйек тығыз заттан тұрады. Оның іші қуыс, қуыста майы көп дәнекер ұлпасы – жілік майы болады. Жіліктің екі басы сүйек кемігінен түзіледі. Жіліктің басы шеміршек арқылы бөлініп тұрады. Жілік денеге таяныш болады.

Қысқа сүйектер денеге мықтылық қасиет береді және иілімді жерлерде орналасады. Олар: омыртқа, табан мен қол сүйектері. Жалпақ сүйектер жұқа болады. Бұларға: бас сүйегі, жамбас, кеуде қуысындағы қабырға, жауырын, самай, бет және жақ сүйектері жатады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий