0 комментариев

Сүйектердің өзара байланысы қалай жүзеге асады? Олардың неше түрге бөлінеді? Осы  сұрақтардың жауабын kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Сүйектердің қозғалмалы байланысын буын дейді. Организмде сүйектердің өзара жалғасуының үш түрі болады: қозғалмайтын ,қозғалмалы және жартылай қозғалмалы. Сүйектің қозғалмайтын жалғасуына- бас сүйегі, жамбас сүйегі; жартылай қозғалмалы байланыс түріне- омыртқа жотасы; сүйектердің қозғалмалы байланыс түріне буын арқылы жалғасатын, яғни қол сүйектері, иық пен аяқ белдеулері, қабырғалар жатады.

Қозғалмайтын және жартылай қозғалмалы жалғасатын сүйектер денеде тіректік қызмет атқарады және оған белгілі пішін береді, кеңістікте оның тұру қалпын көрсетеді. Жартылай қозғалмалы жалғасатын сүйектер және оларға бекитін бұлшық еттер организмді қозғалтып, қимылға келтіретін мүшелер болып саналады. Мұндай жағдайда жартылай қозғалмалы жалғасатын сүйектер рычагқа айналып кетеді.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий