0 комментариев

Адам денесіндегі сүйектердің неше түрі бар ? Олар бір-бірімен қалай байланысқан? Осы сияқты қызықты сұрақтардың жауабын kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Кеуде қуысында жүрек, өкпе, кеңірдек, өңеш, үлкен қан тамырлары, лимфа жолдары және жүйке талшықтары болады. Адам тыныс алғанда – кеуде қуысының көлемі ұлғаяды, ал тыныс шығарғанда көлемі кішірейеді де, ондағы мүшелердің жұмысына әсер етеді.

Он екі қабырғаның дөңес басы арқа омыртқаларының ойысына бекіп, екінші жағынан шеміршекті төс сүйекке жалғасады да, кеуде қуысын құрайды. Төстікке жетпеген екі жұп қабырға қысқа күйінде тұрады. Бұларды аралық қабырға деп те атайды. Қабырға ұзын, тұтас, жалпақ сүйектерге жатады.

Иық белдеуі иық және қол сүйектерінен тұрады. Иық белдеуі арқылы қол сүйектері байланысады. Бұғана мен жауырын бірігіп, иық белдеуін құрады. Бұғананың бір басы төстікпен, екінші басы жауырынмен буын арқылы жалғасады. Кеуденің сыртқы жағына орналасқан жалпақ, үшбұрышты сүйек жауырын деп аталады. Қол сүйектері тоқпан және кәрі жіліктерден тұрады. Кәрі жілік шынтақ және шыбық сүйектен тұрады. Білезік сүйек, алақан және саусақ сүйектері қол басы болып саналады.

Жамбас белдеуі жамбастан және аяқ жіліктері ментабан сүйектерінен тұрады. Жамбас белдеуі жалпақ жамбас сүйегінен, ортан жіліктен, тізе, қақпақ сүйегінен (тобық), асықты жіліктен, өкше сүйектен (толарсақ), табан сүйектерімен башпай сүйектерінен құралады. Жамбас сүйегі артқы жағынан сегіз көзбен берік тұтасып, алдыңғы жағынан өзара байланысады.

Бас сүйегі ми сауыты мен бет сүйегі бөлімдерінен тұрады. Ми сауыты жұмыртқа пішінді. Оның ішіндегі ми сүйегінің қарақұс тесігі арқылы омыртқа жотасындағы жұлынмен жалғасады. Ми сауыты өзара берік және қимылсыз байланысқан сүйектерден – төбе, самай, маңдай, шүйде (қарақұс), жақ сүйектерден құралады.

Бет сүйектері жұп: үстіңгі және астыңғы жақ сүйектерден тұрады. Жақ сүйектерде тістің түбірі орналасатын ұяшықтар болады. Жас нәрестенің басында шеміршектердің түйіскен жерінде пайда болатын былқылдақ дене еңбек деп аталады. Бала бір жасқа толғанда төбе сүйегін ұлпалар қаптайды. Мешелмен ауырған баланың еңбегі кешірек қатаяды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий