0 комментариев

Адам организмінің ең үлкен безі бауыр туралы қызықты ақпаратты  kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Бауырдың жұқа дәнекер ұлпадан тұратын қаптамасын сыртынан сiр қабығы жауып тұрады. Бауыр қақпасы аумағында қаптама ағза iшiне енiп, тармақталып, оны бөлiктерге бөледi. Бауыр бөлiктерi (lobulus hepaticus) тек шошқада жақсы байқалады, қалған малдарда бөлiктердi (бөлiк аралық тамырлар: бөлiк аралық қызылтамырлар, көктамырлар, олардың жанында орналасатын өт өзегiнiң тәртiппен орналасуына қарап, бақылайды. Кейiнгi үшеуi триада (trias hepatica, үш ұғым бiрлiгi) құрады. Триада бөлiк аралық шекарада орналасады. Бөлiк iшiнде дәнекер ұлпа болмайды, арнайы бояғыштар онда тек өте жұқа ретикулин талшықтарын байқатады.

Бауыр бөлiктерi – бауыр үлпершегi құрылым-қызмет бiрлiгi, пiшiнi көп бұрышты (алты бұрышты) призма тәрiздi, диаметрi 0,7-2 мм. Жалғама бауыр тақташаларынан (lamina hepatica) құралып, бауыр жасушалары-гепатоциттерден тұрады. Бауыр тақташалары қызыл және көкқылтамырлар қосылуынан пайда болатын кең қан қылтамырлары–синусоидтармен (vas sinusoideum) бөлiнген.

Гепатоциттер – көп бұрышты жасушалар, iрi домалақ ядросы жасуша ортасында жатады. Қос ядросы бар жасушаларда кездеседi. Қара мал мен жылқыда, оның саны көп емес, шошқада ол 40% жетедi. Жас өскен сайын қос ядролы, көпплоидты гепатоциттер саны 80% көбейедi. Цитоплазмасы барлық тұрақты қосындыларға, әсiресе митохондрийлерге бай болады. Гепатоциттер бетi әртүрлi құрылым-қызметке мамандандыру аймағымен сипатталады да, мыналарды құруға: гепатоциттердiң тығыз механикалық байланысын, химиялық өзара iс-қимыл жасау – жасуша аралық қосылыс кешендерiн (айнала қоршап алған десмосомалар, тығыз, саңылау тәрiздi қосылыстар); көршi жасушалар бетiндегi өзекшелердiң бiр-бiрiне жанасып, сап түзу жолымен – өт қылтамырларын; гепатоциттер мен қан арасында саңылауға қараған көптеген микробүрлер, синусоидтарды қоршап жатқан – синусоид алды кеңiстiк есебiнен – бөлiмшелерде алмасу бетi көбеюiне қатысады. Гепатоциттiң өт қылтамырына қараған – өт және синусоидты қан қылтамырларымен байланысқан – тамырлы беттерi болады. Екi бетiнде де микробүрлер байқалады.

Гепатоциттердiң қызметтiк белсендiлiгi қанға немесе өтке бөлiнетiн әртүрлi заттарды ұстауға, түзуге, жинауға, әрі химиялық қайта құрылуына қатысқанда байқалады. Күндiз өт бөлiнуiнiң басымдылығы көрiнсе, түнде-гликоген түзiлуi (гликоген алдымен бөлiк ортасында, кейiн оның шетiнде, май-оған қарама-қарсы салынады) жүредi.

Көмiрсу алмасуында көмiрсу қоры гепатоциттерде гликоген түрiнде жиналады. Оларды қаннан ұсталған глюкозадан, басқа заттардан түзедi. Көмiрсу қажет болса, гликоген ажырауы жүредi. Гликогенез, гликогенолиз ферменттерi гиалоплазмада болады да, органеллалармен байланыспайды. Гепатоциттер бауырдың басты қызметiн-қандағы глюкозаның бiрқалыпты қоюлығын сақтауды қамтамасыз етедi.

Май алмасуында липидтердi қаннан бауыр ұстап алып, гепатоциттер оны түзетiндiктен, олар май тамшысы ретiнде жиналады. Гепатоциттерде липидтер ұсақ әсем кiшкентай бөлшектер тәрiздi болады, диаметрi 30-100 нм, синусоид алды кеңiстiкке, одан қанға бөлiнетiн-липопротеинге өзгередi. Гепатоциттер түйiршiксiз эндоплазмалық торлар ферменттерi әсерiнен май ерiтетiн дәрiлердi бұзады. Пероксисомалар этил спиртiн бұзуға қатысады.

Белок алмасуында гепатоциттердегi түйiршiктi эндоплазмалық торлар белоктар плазмасын (iшiнде қан ұюын қамтамасыз ететiн) түзiп, синусоид алды кеңiстiгiне бөледi. Ол бауыр ауруы жоғарғы қан аққыштығымен қоса жүредi. Гепатоциттер қаннан белоктарды ұстауға қабілеттi. Белоктарды сол күйiнде немесе лизосомалар бұзғаннан кейiн оларды өтке бөледi.

Бояутек алмасуына қатысқанда гепатоциттердiң эндоплазмалық тор ферментi әсерiнен, эритроциттер бұзылуынан көкбауыр, бауырдағы жемiр жасушаларда құралатын билирубин бояутегi глюкуронидпен қосылып, өтке бөлiнедi. Гепатоциттердің қызметi бұзылып, өт жолдары бiтелгенде, эритроциттер артық ыдырайды да (гемолиз), билирубин қанда жиналып, ұлпаларды сары түске бояйды (сарғыштану).

Өттiң басты құрамбөлiгi – өт тұзы түйiршiксiз эндолазмалық тордағы холестириннен түзiледi. Ол майларды эмульсияға айналдыруға қабілеттi, олардың iшекте сiңiрiлуiне мүмкiндiк туғызады.

Гепатоциттердiң аймақтағы ерекшелiктерi: орталық, шет аймақтарда орналасқан бөлiктердегi жасушалар көлемiмен, тұрақты қосындыларының дамуымен, ферменттерiнiң белсендiлiгiмен, құрамындағы гликоген және майлар сақтауымен өзгешеленедi. Шет аймақтағы гепатоциттер қоректi заттарды жинауда, уланған заттарды тазарту процестерiнде белсендiлiк көрсетедi. Олар у себепкерлерi әсерiнен күштiрек бүлiнедi. Орталық аймақтағы жасушалар өтке iшкi және сыртқы қосындылар бөлуде белсендi болып, жүрек қызметi жеткiлiксiздiгiнде, ишимияда, вирустық гепатитте қатты бұзылады.

Синусоидты қылтамырлар бауыр тақташасы арасында орналасады, жалғама тор құрады, ол аралас қанды бөлiктер шетiнен ортасына әкеледi (126 сурет). Осы кезде қан құрамы өзгерiп, бауыр көптеген қызметтерiн орындайды. Аралас қанның 70-80% бөлiкке бөлiк аралық көктамырдан (vena interlobularis, қақпалық көктамырдың жүйесiнен), одан синусоидқа құйылатын бөлiк айналасындағы көктамырға (vena perilobulares) таралады. Кейiнгiмен синусоид қосылатын жерде бұлшық еттi қысқыш (сфинктерi) болады. Оның тонусы түсетiн қан көлемiн анықтайды.

Қанның 20-30% бөлiкаралық қызылтамырдан (arteria interlobularis, бауыр қызылтамыры тарамы) синусоидты қылтамырға бөлiк айналасы қызылтамырлардан (arteria perilobulares) өтедi. Сонымен синусоидтарға қан бауыр қақпасы жүйесiнiң көктамыры арқылы ас қорыту жолынан (қоректiк заттары көп, оттегiсi аз) және бауыр қызылтамырлары жүйесiнен-оттегiмен қаныққан қан түседi.

Синусоидтардан қан орталық көктамырға (vena centralis) жиналады, одан ол бөлiкасты көктамырларға (vena sublobularis) құйылып, кейiн бауыр көктамырлар жүйесi арқылы жалпы қан ағымына қайтады. Басқаша айтқанда, қылтамырлар бауырда екi көктамырлар арасында қалады. Бұл құбылысты бауырдың «ғажайып торы» деп атайды. Iшек, қарын, ұйқы безi және көк бауыр көктамырларынан бауыр арқылы артқы жақ қуысты көктамырға дейiнгi қан ағымын-қақпалық қан айналымы деп атайды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий