0 комментариев

Жер сілкіну нәтижесінде Жер шарының кей жерлерінде терең жарықтар пайда болады, жер қойнауынан магма жарықтардың бойымен жоғары көтеріліп, жер бетіне төгіледі. Бұл процессті жанартаулардың пайда болуы деп аталады. Оның құрылысы қандай және жалпы жанартауларды зерттеу не үшін керек деген сұрақтардың жауабын сонымен қатар  жанартауларға қатысты қызықты ақпараттарды  kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Жанартаулардың пайда болуы және құрылысы. Жанартау көмейінен ыстық газ, бу, күл, тас, т.б. тау жыныстары атқылап тұратын және жер бетіне отты қоймалжың зат – лава тасып төгілетін конус форматы тау. Тереңде орналасқан магма жер қыртысында пайда болған жарықша саңылаулар арқылы жоғары қарай зор қысыммен атқылап, жер бетіне шіріп төгіледі. Жер бетіне шыққанда ұшпа заттарынан айрылған магма лава деп аталады. Магма ошағынан жоғарыға қарай өңеші, яғни жанартау көмейі. Көмей жоғарыдағы тостаған тәріздес ұңғы – кратермен аяқталады (грекше кратер – тостаған).

Жанартау атқылаудың алдында жер астынан гүріл естіледі, кратерден газ бен бу бұрқырап шыға бастайды.

Бу мен күл биік бавана төрізді көтеріліп, жоғары жағында жан-жағына бұлт түрінде жайылады. Күл өте ұсақ тозаңдардан тұрады, ол жанартаудың етегі мең маңайын қалың қабат құрап басып қалады. Жанартау үстінде пайда болған бұлттан нөсер жаңбыр жауады, күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Тау беткейлерінен күл араласқан лай тасқыны төмен қарай сел болып ағады. Сөйтіп етегіндегі елді мекендерді басып қалады. Іле-шала кратерден от шашқан ыстық лава тасып төгіледі.

Везувий жанартауының етегінде тұрған ежелгі Рим қалалары Помпеи мен Геркуланумды лава және лайлы тасқын мен күл осылайша басып қалған. Көп жылдардан кейін тығыздалған күл мен қатқан лаваның бетін құнарлы топырақ жауып, оған қалың өсімдік өседі.

Сөнген және сөнбеген жанартаулар. Сөнген жанартауды қалай йжыратуға болады? Таудың конус тәрізді пішіні, басындағы кра­тер жанартаудың бір кезде белсенді әрекеті болғанын көрсетеді. Адамзат тарихында атқылауы жөнінде ешбір мағлұмат қалмаған жанартауларды сөнгенжанартау дейді. Мысалы, Кавказдағы Эльбрус пен Казбек сөнген жанартаулар қатарына жатады.

Кейде сөнген жанартаулар да кенеттен атқылай бастайды. Мы­салы, Чилидегі 1960 жылғы жер сілкіну кезінде сөнген деп есептелетін 9 жанартау атқылай бастаған. Сондықтан оларды «ұйқыға кеткен жанартаулар» деп атау дәлірек болар еді.

Ал ұдайы атқылап жататын жанартауларды сөнбеген жа­нартаулар дейді. Мысалы, Камчаткадағы Ключи шоқысы.

Жер бетіндегі жанартаулардың таралуы жер сілкіну және тау түзілу аймақтарымен байланысты болып келеді.

Сөнбеген жанартаулар тау жасалу әрекеттері жүріп жатқан аймақтарда кеңірек тараған. Мұндай жерде магма жер бетіне шығуға оңай жол табады. Жанартаулар жарықтарды бойлап тізбектеліп орналасады. Жеке жанартаулардың кездесуі өте сирек. Жанартаулардың көпшілігі Тынық мұхиттың жағалауында орналасқан. Мұны тынык, мұхит жанартаулық белдеуі деп атайды.

Жанартаулар құрлықта ғана емес, сонымен бірге мұхиттар мен теңіздердің түбінде де аткылайды. Мұндай жанартаудың кратері тұсындағы су кайнайды, көбіктенеді, бұркылдайды. Су астындағы жанартау атқылағаннан кейін жаңа аралдар пайда болады. Мысалы, Тынық мұхиттағы Куриль  аралдары сөнген жанартаулардың конустары болып табылады. Бұл аралдарда ондаған елді мекендер мен қалалар, өнеркәсіп орындары бар.

Жанартауды зерттеу не үшін қажет? Жанартау әрекеттерінің маңызы. Ғалымдар жанартаулар атқылауы нәтижесінде литосферадағы заттардың құрамы мен қасиеттері жөнінде деректер алады. Жанартауларды зерттеу пайдалы қазбалардың шығу тегін ашуға көмектеседі. Зерттеулердің арқасында жанартаулардың атқылайтын мерзімін болжап, апаттың алдын алуға болады.

Ғалымдар жер сілкінетін және жанартау атқылайтын аудандардың көбіне өзара ұштасып жататынын анықтаған. Бұл құбылыстар жер қыртысы тұрақсыз аудандарға тән.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий