0 комментариев

XVI ғасырдағы өзара тартыстар мен соғыстар туралы ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

XVI ғасырдың 20-жылдары Қасым ханнан кейін Жошы ұрпағының өзара тартысы Қазақ хандығын әлсіретті. Қазақ хандығына қарсы моғол және өзбек хандығының соғыс одағы қалыптасты. Қасым ханның мұрагері өзара тартыс барысында, қаза тауып, хан тағын Қасым ханның немере інісі Тақыр (1523-1533 ж) иеленді. Көрші мемлекеттердің Қазақ хандығына шабуылы жиіледі. Ол Ноғай ордасымен соғыста жеңілді, Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып ала алмады. Халық алдындағы беделі түскен Тақыр хан Жетісуға кетуге мәжбүр болды. Ол Мағолстан ханы Сұлтан Саидке қарсы қырғыздармен одақ жасасты . Негізгі шайқастар Ертіс бойында, Алтын Емелде, Ыстық көл маңында болып, моғолдар болып кері шегінді.

XVI ғ. аяғына дейін Сырдариялық қалалар – Сығанақ, Отырар, Түркістан т.б. шайбанилықтардың иелігінде болды. Бұйдаш хан (1533-1534 ж. Тақырдың інісі ) тұсында да Қазақ хандығының өзара тартыстары тоқтаған жоқ. Осыны пайдаланған өзбек ханы Убайдуллах Моғолстан ханы Абдар Рашидпен соғыс одағын құрып, Жетісуда соғыс ашты. Қазақ әскері жеңіліп Бұйдаш хан қашып құтылды.

Бұл хандар тұсында үздіксіз соғыстар жайында феодалдық езгінің күшеюі халық наразылығын туғызып, басқа жаққа көшуді ұлғайтты.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий