0 комментариев

Әлемде адам түсіндіріп айта алмайтын, көптеген тылсым жерлер бар. Қаншалықты жаңа технологияның дамыған заманында өмір сүрсекте, кейбір табиғаттың тылсым дүниесін түсіндіре алмаймыз. Ол әрине құпия күйінде қалады. Сондай тылсым, құпия жерлердің бірі Бермуд үшбұрышы. Осы аймаққа жасалған зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар айтар ойын kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Осы уақытқа дейін Бермуд үшбұрышынан шамамен 75 ұшақпен, жүзге жуық кемелер жоғалып кеткен. Оның себебін Колорадо штаты Университетінің Стив Миллер жетекшілік ететін ғалымдары түсіндіріп берді.

«Бермуд үшбұрышы» – Атлант мұхитының Флорида түбегі, Бермуда және Пуэрто-Рико аралдары аралығындағы су айдыны. Ол жерде алып су иірімдері, кенеттен пайда болып, лезде ғайып болып кететін теңіз құйыны мен кәдімгі ақша бұлттан пайда болатын найзағай сынды таңғажайып табиғи құбылыстар жиі болады.

Аталған аймақта бір ғасыр ішінде шамамен 75 ұшақ пен жүздеген кеме жоғалып кеткен. Оның себебін Колорадо штаты Университетінің Стив Миллер жетекшілік ететін ғалымдары түсіндіріп берді.

Мамандардың болжамы бойынша, кемелер мен ұшақтардың жоғалуына теңдессіз метеорологиялық құбылыс – “жарылатын” алты бұрышты бұлттар себеп болған. Ғалымдар оларды “ауадағы бомба” ретінде сипаттады.

Осындай ауа ағыны соқтығысып, ұшақтар мен кемелерге қауіпті жоғарғы турбулентті аймақ құрады. Сол себепті осы үшбұрыш айналасынан өткен заттың бәрі су түбіне кетеді.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий