0 комментариев

Оңтүстік Америка Материгіне қандай мұхиттар кіреді және қандай теңіздер шайып жатыр осы және басқа да қызықты сұрақтардың жауабын kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Оңтүстік Америка Материк жағалауындағы мұхиттар. Материктің батысын Тынық мұхит, ал шығыс жағалауларын Атлант мұхитының сулары шайып жатыр. Оңтүстік Америка жағалауларында материктік қайран өте енсіз әсіресе Тынық мұхит Жағалауларында бірден терең Шұңғымалар басталады. Олар Тынық мұхит литосфералық тақтасының майысып, Оңтүстік Америка плитасының астынан енуінен қалыптасқан. Материктің солтүстік жағалауын Атлант мұхитының Кариб теңізі шайып жатыр.

Батыста аса биік Анд тауларының орналасуына байланысты Тынық мұхиттың материк табиғатына тигізетін әсері шектеулі болады. Материктің экватордан солтүстікке қарай жатқан бөлігінде жағалауға бағытталған жылы ағыстар жүйесі тау етектеріне мол ылғал әкеледі. Қоңыржай ендік пен экватор аралығындағы Перу суық ағысы бойлай өтетін жағалау бөліктерінде жаңбыр өте сирек болады, осында атақты Атакама шөлі орналасқан. Әрбір 10-12 жылда Тынық мұхиттың оңтүстік бөлігінде желдер бағытының өзгеруінен Перу суық ағысы жағалаудан ашық мұхитқа қарай ығысады. Соның нәтижесінде Эль-Ниньо жылы ағысы қалыптасады. Ол ағыстың әсері 18 айға дейін байқалып ,жағалаудың ауа райына үлкен өзгеріс әкеледі.

Беткі су жылынып судағы оттегі мөлшері азаяды. Соның әсерінен планктонның өнімділігі төмендейді. Қорек азайғандықтан балықтар мұхиттың басқа бөліктеріне ығысады, құстар  да сирейді. Жылы ағыстың әсерінен жылынып, әрі ылғалға қаныққан ауа жағалауға нөсер жаңбырлар алып келеді. Уақытша пайда болатын тасқынды өзендер жағалаудағы қалың құс саңғырығы – гуаноны мұхитқа шайып алып келеді. Мол ылғал әсерінен өсімдік жамылғысы қаулап өседі. Эль-Ниньо жылы ағысының ықпалы әлсірегеннен кейін Атакама шөліндегі табиғат жағдайлары бұрынғы қалпына келеді. Оңтүстіктегі қоңыржай белдеудің жағалық батыс бөлігі батыс тасмалының ықпалында болатындықтан ылғал аса мол түседі.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий