0 комментариев

Өсімдіктердің көбею жолдары туралы қызықты ақпаратты  kyn.kz сайтынан оқи аласың.

Көбею – тірі организмнің жеке санының артуы, өзінен кейін ұрпақ қалдырып, түрдің сақталып, табиғатта таралуы қамтамасыз ету қасиеті. Көбею кезінде өсімдіктердің кейбір түрлерінде дара сандарының артып, өз ортасында кең таралып, жаңа кеңістіктерді қамтиды. Бұл прогрессивті түрлерге тән. Ал кейбіреулері кеміп отырады. Бұл регрессивті түрлерге тән. Көбеюдің 3 кейпін ажыратады. Олар: 1) жынысты көбею кезінде жаңа организм әр түрлі жыныс клеткалардың қосылуынан пайда болады;2) жыныссыз көбеюде жаңа организм жыныс тұрғысынан жіктеле қоймаған бір клетканың өзінен жетіледі; 3)вегетативті көбеюде жаңа организмге бастаманы вегетативті мүшелер, олардың бөліктері және түр өзгерістері береді.

Жынысты көбеюде физиологиялық қасиеттері тұрғысынан айырмасы бар гаметалар қосылып, зигота пайда болады. Гаметалардың цитоплазмасы мен ядросы қосылып, зигота ядросы диплоидты хромосомасына ие болады. Мұнда тұқым қуалаушылық қасиеттері бірігіп, жас ұрпаққа өтеді. Өсімдіктерде гаметалардың әр түрлі болуына байланысты, жыныстық көбеюі түрліше болады.

1.Хологамия – (гр. “холос”-тұтас, “гамео”-некелесу). Бір клеткалы балдырларда кездеседі. Қосылған екі клетка сырт көрінісі бойынша бірдей.

2.Изогамия – (гр. “изо” –тең) , мұнда қосылатын гаметалар пішіні, көлемі жағынан бірдей, физиологиялық ерекшелігі бар, аналық гамета (+), ал аталық гамета (-) таңбасымен белгіленеді.

3.Гетерогамия – (гр. “гетерос” – әр түрлі, өзгеше) гаметалардың пішіні, көлемі жағынан әр түрлі. Аналық гамета аталықтан ірі болады және баяу қозғалады.

4.Оогамия – гаметалардың біреуінің көлемі үлкен, қор заты мол, қозғалмайтын (аналық), екінші гаметаның көлемі кіші, талшықтары арқылы қозғалады, ядросы ірі (сперматозоид).

Гаметалар гаметангийде жетіледі. Төменгі сатыдағы өсімдіктерде жұмыртқа клеткасы пайда болатын гаметангийлар оогонийлар (гр. “оон” – жұмыртқа, “генес” – туу, шығару) деп, ал жоғары сатыда архегонийлар (гр. “архегонос” – алғашқы) деп аталады.

2.Жыныссыз көбею споралар немесе зооспоралар арқылы жүзеге асады. Споралар (гр. “spore” – тұқым) құрлықта өсетін өсімдіктерге тән. Олар өз бетінше қозғала алмайды, өте салмағы жеңіл, ауа толқындары арқылы таралады. Споралар арқылы балдырлар, саңырауқұлартар, жоғары сатыдағы мүк пен папоротник тәрізділер көбейеді. Споралар өсімдіктен бөлінген соң қолайлы ортаға түссе, одан жас өсімдік пайда болады.

Споралар арқылы көбеюді қарапайым мысалдан, қарағай ағашының көбеюінен көруге болады. Оның бұтақтарының ұшында бүрлерінің екі типі спора мүшелері жетіледі. Аталық бүрлерінің өсі қысқа және онда тығыз орналасқан реңі сарғыш қабыршақтар – микроспорофиллдер бар. Онда микроспоралар жетіледі. Микроспоралар жетілген соң одан аталық гаметофит пайда болады.

3.Вегетативті көбею деп вегетативтік денеден тіршілікке қабілетті бөліктер бөліну арқылы түрдің жеке санының артуын айтамыз. Бір клеткалы балдырлар мен бактерияларда вегетативті көбею клетканың екіге бөлінуі арқылы жүреді. Қыналар денесінің арнаулы бөліктері – соредийлер мен изидийлері, ал бауыр мүктері өнімтал бүршіктері арқылы көбейеді.Вегетативті көбею кезінде анылық өсімдіктен пада болған жас даралар жиынтығы клон деп аталады. Вегетаивті көбею табиғатта өздігінен жүретін табиғи және адамның әр түрлі әдістерді қолдану арқылы болатын жасанды деп екіге бөлінеді. Жоғары сатыдағы сабақты-жапырақты өсімдіктер тамыр атпалары, тамыр сабақтары, мұршалары, желілері, түйнектері, жуашықтары, бүршіктері арқылы табиғи вегетативті жолмен көбейеді.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий