Қазақ – орыс сауда байланыстары туралы ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.
18 ғасырдың ортасында қазақ өлкесінің саяси – экономикалық дамуында жаңа өзгерістер қалыптасты. Отарлау саясатына қарамастан қазақ- орыс сауда байланыстары және шетелдермен қатынас өзара тиімді жағдайда дамыды. Осы кездегі сауда айналымының орталығы – Орынбор қаласы.
18 ғасырдың екінші жартысында қазақ-орыс саудасының белгілі орталықтары: Бұқтырма, Жәміш, Железинск, Омбы, Семей, Өскемен. Әскери тірек ретінде қалыптасқан Ертіс бойындағы, Шығыс Қазақстандағы бекіністер әскери қызметін жоғалтып, сауда айналымының орталықтарына айналды.
18 ғасырдың 60 жылдары қазақ орыс сауда байланыстарының кеңейген кезеңі. Қазақтардың жиі саудаласатын тауарлары: мал терісі, киіз, көбінесе мал. Қазақтармен сауданың тиімділігіне көңіл аударған орыс үкіметі бекіністерде мешіттер салғызды, айырбас сарайларын кеңітті. Батыс Сібір, Орта Азияны сапалы ас тұзымен қамтамасыз ететін орталықтар пайда болды: Керекудің маңындағы Қалқаман, Қарасу тұз көлдері.