0 комментариев

Айша бибі кесенесі туралы ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Бұл кесене – Орталық Азиядағы теракотамен оюланған жалғыз сәулет ескерткіші. Оның қабырғаларында, ою-өрнектің 60-тан астам түрі кездеседі. Кіретін жері шығыс бағытта орналасқан. Қабір тасы кесененің ортасында тұр. Ескерткіштің төрт бұрышында үлкен бағандар орнатылған. Қалыңдығы 80 см кесененің қабырғалары үш бөліктен тұрады: ішкі жағы – күйдірілген кірпіштен, сырты жағы – өрнектері бар тастардан, ал, ортаңғы жағы – балшық пен тастан. Бүгінгі таңда, Айша бибі кесенесі тарихи ескерткіш ғана емес, сонымен қатар, танымал қажылық орнына айналды. Бұл жерге мемлекеттік қызметкерлер, туристер, емшілер және қарапайым адамдар бата сұрап келеді.

Аңыз бойынша, жас билеуші Қарахан, Айқожа есімді байдың үйіне қонаққа келген кезде, айдай сұлу Айшаны байқап, оған бірден ғашық болып қалады. Алайда, әкесі екі ғашықтың қосылуына қарсылық білдіріп, жас жігіт туған жеріне оралуға мәжбүр болады. Бірақ, қызып тұрған махаббатты сөндіретін күш бар ма? Көп ұзамай, түн батқан соң, әкесінің батасын ала алмаған Айша, күтушісі Баба әжемен бірге үйден қашып кетеді. Жолаушылар ұзақ сапардан шаршап, Аса өзенінің жағасына демалуға тоқтайды. Қыз аттан түсіп, бетін суға жуу үшін бас киімін жерге тастайды. Бас киімге жыланның кенеттен кіріп кеткенін байқамаған Айша, оны қайта киген кезде, басынан жылан шағып өлтіреді. Қарахан тым кеш келді. Қатты қайғыға батқан жігіт, осы жерден Айшаға арнап кесене салуға бұйрық берген.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий