0 комментариев

АҚШ бұл әлемнің ең бай, мықты мемлекеттерінің бірі. Қай саласын алып қарасаңыз көш басында тұрады. Ендігі кезектегі АҚШ − тың географиялық орны және экономикалық географиялық жағдайы туралы ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

АҚШ жерінің ауданы жөнінен Ресей, Канада, Қытайдан кейінгі төртінші орын алды. Бұл елдің жері материктік екі бөліктен және Тынық мұхиттағы Гавай аралдарынан тұрады. Әкімшілік құрылымы 50 штаттан, Вашингтон қаласы мен Колумбия округінен тұратындықтан ел Америка Құрама Штаттары деп аталады. Астанасы −Вашингтон қаласы.

АҚШ жерінің табиғаты алуан  түрлі. Оның көпшілік бөлігі қоңыржай және субтропиктік белдеулерге сәйкес келеді. Батыстағы Кордильера мен шығыстағы Аппалач Аппалач тауларының аралығында Ұлы және Орталық жазықтар орналасқан. Мексика шығанағы жағалауы мен Флорида түбегін ойпатты жағалық жазықтар алып жатыр. АҚШ  жері арқылы Солтүстік Америкадағы ең ірі өзен Миссисипи ағып өтеді, ал Канадамен шекаралас аймақта Ұлы көлдер шоғырланған.

Елде мұнай мен табиғи газдың, тас көмір, металдар тәрізді пайдалы қазбалардың қоры мол және оларды өндіруде ұдайы ғылым мен техника жаңалықтары қолданылып отырады. Сол себепті АҚШ шаруашылығы жедел дамуда, ел өнеркәсіп өнімдерін шығару жөнінде дүние жүзінде бірінші орын алады. АҚШ −тың шаруашылығы сансаласы, ең жетекші сала −машина жасау өнеркәсібі. АҚШ −тағы 125 қалада автомобиль шығарылалады. Детройт қаласын «автомобильдер астанасы» деп атайды. Батыстағы Лос −Анджелес қаласы ғарыштық техника мен электроника орталығы болса, Сиэтл қаласында алып «Боинг» ұшағы жасалынады.

Елде жылу −энергетика, химия өнеркәсібі, қара металлургия, жеңіл өнеркәсіп жақсы өркендеген. Транспорттың барлық түрі күшті дамыған, соңғы жылдары даңғыл тас жолдардың ұзындығы артуда. Чикаго қаласы жолаушы және жүк тасымалы жөнінен ел ішінде бірінші орын алады. Бір тәулікте бұл қала арқылы екі мың пойыз өтеді. АҚШ пен Канаданың жол торабы біртұтас жүйені құрайды. Жағалауларда ірі портты қалалар көп.

АҚШ жерінің көпшілік бөлігінің жазық және аласа таулы болуы, қолайлы климат, ғылым жетістіктерінің кеңінен пайдалануы ауыл шаруашылығын жоғары деңгейде дамытуға мүмкіндік береді. Ел астық, сүт, ет, құс өнімдерінен өндіруден дүние жүзінде бірінші орынды алады. Табиғат жағдайының ерекшелігі мен дақылдардың өнімділігіне байланысты АҚШ жері ауыл шаруашылығының белгілі бір саласына маманданған белдеулерге бөлінеді. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бидай, жүгері, мақта белдеулері орналасқан. Олардың аралығында мал жайылымдары кеңінен таралған. Аляска балық аулау, аң терісі кәсіпшілігімен және орман шаруашылығымен белгілі. Гавай аралдарының тұрғындары қант қамысы мен ананас өсіруге маманданған.

АҚШ халқының саны жөнінен дүние жүзінде үшінші орын алды. АҚШ −тағы байырғы халықтың үлесі 1% шамасында ғана, халықтың негізгі бөлігін сырттан келгендер құрайды. Тек қана ХІХ ғасырдың басынан бері Жер шарының 70 − ке тарта елінен 55 млн −ға жуық адам осында қоныс аударған. Соңғы жылдардағы шектеулерге қарамастан қоныстанушылар есебінен ел халқы жылына 1 млн. адамға артады. Америкалықтар екі жүз жылдан астам тарихы бар АҚШ мемлекетінің мүддесін жоғары ұстайды. Оларды жастайынан мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, отансүйгіштікке АҚШ мемлекеті мен өзінің мен жеке басының басының әл ауқатын жақсарту үшін еңбек етуге тәрбиелейді. АҚШ халқының төрттен үші калада тұрады, елде жалпы саны тоғызмыңдай қала бар. Ең ірі қаласы Нью − Йорк аспанмен таласқан биік үйлерімен ерекшеленеді, қалада БҰҰ − ның ғимараты ірі банктер , дүкендер бар.

Қолайлы табиғат жағдайларымен сипатта латын елдің оңтүстігінде әлемге әйгілі Диснейленд, көптеген демалыс орындары , ал Лос − Анджелес қаласында кино өндірісінің орталығы Голливуд орналасқан. Калорадо каньоны, Ниагара сарқырамасы, Йеллоустон гейзерлері, Плинт − Мамонт үңгірі және т.б табиғи тарихи ескерткіштерін тамашалау үшін АҚШ − қа жылына миллиондаған туристер келеді.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий