0 комментариев

Денелері созылыңқы аяқтары болмайды, тек басымен ирелеңдеп жүретін құрттардың үш түрі болады. Олар: жалпақ құрт, жұмыр құрт және буылтық құрт. Осының ішіндегі жалпақ құрт туралы ақпаратты  kyn.kz сайтынан оқып біле аласыз.

Дене пішіні созылыңқы, құрсағы арқасына жабысып жалпайған, кейбіреуінің денесін кірпікшелер қаптаған, еркін тіршілік ететін жәндіктер жалпақ құрттар типіне жатады. Бұлар жалпақ денелі болғандықтан да жалпақ құрттар деп аталады. Жалпақ құрттар теңізде, мұхитта және тұщы суларда тіршілік етеді. Бұлардың көпшілігі жыртқыштықпен, біразы паразиттікпен тіршілік етеді. Қазіргі ғылымға жалпақ құрттардың 12 500-ге тарта түрлері белгілі. Жалпық құрттардың 3 класы бар.

Кірпікшелі құрттар – еркін қозғалатын жалпақ құрттардың бір класы. Бұлардың денесін кірпікшелер қаптап жататындықтан, осы класқа жататын құрттар кірпікшелі құрттар деп аталады. Кірпікшелердің үйлесімді қимылынан жалпақ құрт бірқалыпты еркін қозғалады. Бұлар су түбінде, кейбіреулері паразиттікпен тіршілік етеді. Ылғалды тропиктік ормандарда, топырақта тіршілік ететін де түрлері кездеседі. Ғалымдардың есептеуіне қарағанда, қазір кірпікшелі құрттардың 3000-ға тарта түрі бар деп есептеледі.

Кірпікшелі құрттар – теңіз, мұхит және тұщы суларда су түбінде тіршілік ететін жалпақ денелі, созылыңқы пішінді жәндіктер. Денесін түк тәрізді кірпікшелер қаптайтындықтан, бұл класқа жататын жәндіктер кірпікшелі құрттар деп аталады.

Кірпікшелі құрттар – жыртқыш жәндіктер, олар судағы ұсақ жәндіктермен қоректенеді.

Кірпікшелі құрттардың денесі үш қабаттан: эктодермадан, энтодермадан және мезодермадан құралады. Бұларда дене қуысы болмайды, ең алғаш мүшелерге жіктелу байқалады.

Кірпікшелі құрттарда сезім мүшелері дами бастайды. Олар – гермафродиттер. Кірпікшелі құрттар жыныстық жолмен көбейеді. Кірпікшелі құрттарда асқорыту, зәр шығару, жүйке және жыныс мүшелері бар. Олар бүкіл денесі арқылы тыныс алады, олардың арнаулы тыныс алу мүшесі болмайды.

Кірпікшелі құрттар – еркін тіршілік ете алатын, кірпікшелері арқылы қимылдап жүретін жәндіктер.

Сорғыш құрттар – балық, қосмекенді, құс және сүтқоректілердің ішкі мүшелерінде паразиттікпен тіршілік ететін жалпақ құрттар класы. Бұл класқа жататын жәндіктер кейде трематодтар деп те аталады. “Трематода” грекше атау, оның қазақша баламасы “сорғышы бар” дегенді білдіреді. Сорғыш құрттардың дене тұртқы бірнеше миллиметрден 5 сантиметрге дейін жетеді. 5000-нан астам түрі бар деп есептеледі.

Әр турлі жануарлардың ішкі мүшелерінде (көбінесе ішегінде) мекендейтін жалпақ құрттар типінің бір класы – сорғыш құрттар. Бұлар мекендейтін иесінің ұлпалары мен мүшелеріне бекінетін арнаулы мүшесі – сорғышы болғандықтан, сорғыш құрттар деп аталған.

Сорғыш құрттар – ішкі мүшелерде паразиттік тіршілік етеді, сондықтан ішкі құрттар деп аталады. Бұлар нақтылы жалпақ құрттар болғанмен кірпікшелі құрттардан құрылысы мен тіршілік әрекеті жағынан едәуір ерекшеленеді.

Сорғыш құрттар – еркін қозғала алмайтын жәндіктер, сондықтан олардың денесі кірпікшелермен қапталмаған, оның есесіне бекінетін арнаулы мүшесі – сорғышы бар. Денесін жұқа, тығыз қабықша – кутикула қаптайтындықтан, сорғыш құрттардың ішкі мүшелерінде тіршілік ету мүмкіндігі артады. Сорғыш құрттар – гермафродиттер – қос жынысты жәндіктер. Олардың көбеюі өте күрделі. Көбею кезінде негізгі иесі – омыртқалы жануарлар, аралық иесі – былқылдақ денелілер (ұлу) және қосымша иесі – құмырсқа болады. Сорғыш құрттардың дернәсілдері кірпікшемен қапталған, сондықтан олардың кірпікшелі құрттардан шығуы да мүмкін. Паразиттік тіршілікке байланысты сорғыш құрттар жұмыртқаны өте мол салады. Бұларда қан айналым және тыныс алу жүйелері болмайды, газ алмасуына қатыспайды.

3)Таспа құрттар – жануарлар мен адамның ішегінде, кейде басқа мүшелерінде тек паразиттікпен тіршілік ететін өте қауіпті жәндіктер. Бұлардың сыртқы пішіні таспа тәрізді әрі ұзын болғандықтан, таспа құрттар деген атауға сай келеді. Таспа құрттардың дене тұртқы миллиметрге жетер-жетпес, кейде тіпті 30 метрге дейін жетеді. Қазір таспа құрттардың 3000-нан астам түрі белгілі.

Таспа құрттар – адам мен жануарлардың ішкі ағзасында тіршілік ететін паразит жәндіктер. Сыртқы пішіні жалпақ құрттардың белгісіне сай келеді, денесі ұзын да жалпақ болып біткен.

Паразиттік тіршілікке байланысты таспа құрттарда асқорыту мүшесі жоқ, сондықтан иесі пайдаланатын қоректі бүкіл денесімен сіңіреді. Паразиттік тіршілікке негізгі бейімділігі денесін қорғаныш қабықша қаптайды, иесінің денесіне бекінетін арнаулы мүшесі – сорғышы және қармақшалары бар. Жүйке жүйесі нашар дамыған, сезім мүшелері болмайды.

Таспа құрттардың тіршілік айналымы өте күрделі: негізгі және аралық иенің денесінде дамиды. Бұлар – гермафродиттер, яғни қос жынысты жәндіктер. Таспа құрттардың көбею айналымы: жұмыртқа қармақшалы дернәсілфинка (екінші дернәсіл)ересек таспа құрт. Финка негізгі иесінде дамиды, оның қармақшалы және сорғышты басы, қысқа мойны, көпіршік тәрізді денесі болады. Финканың мойнынан буылтықтар пайда болып, олардың саны 1000-ға жетеді. Таспа құрттар өте көп жұмыртқа салады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий