0 комментариев

Жұмыр құрттардың пішіні қандай? Олардың неше түрі бар? Олар қай жерде және қандай әдіспен тіршілік етеді? Осы және  тағы да басқа қызықты сұрақтардың жауабын  kyn.kz сайтынан оқи аласыз

Жұмыр құрттар – денесі созылыңқы, буылтықтарға жіктелмеген, цилиндр немесе ұршық пішінді, көлденең кесіндісі дөңгелек, теңіздерде, тұщы суда, топырақта, кейбір түрлері адамда, жануарлар мен өсімдіктерде паразиттікпен тіршілік ететін жәндіктер. Бұлар денесінде буылтығы болмағандықтан, жұмыр құрттар деп аталады. Жер жүзінде жұмыр құрттардың 20 000-ға жуық түрлері тіршілік етеді.

Жұмыр құрттар- еркін қозғалатын, денесі буылтықсыз, созылыңқы, көптеген түрлері өсімдіктер мен жануарлар паразиттікпен тіршілік ететін цилиндр пішінді жәндіктер. Бұлардың дене тұрқы 1 миллиметрден 8 метрге дейін жетеді.

Ішек сорғы және үшкір құрт- адамда тіршілік ететін нағыз паразит құрттар. Жұмыр құрттардың денесі кутикуламен қапталған, денесінде қуысы болады, ауыз қуысы денесінің алдыңғы жағында, ал аналь тесігі-артқы жағында орналасады. Көптеген жұмыр құрттарда тері-бұлшықет қапшығы болады. Көлденең жолақты бұлшықеттері болмағандықтан, жұмыр құрттар денесін қысқарта да, соза да алмайды, тек жан-жағына иіледі. Жұмыр құрттарда тыныс алу және қан айналым жүйесі болмайды. Бұлар-дара жынысты жәндіктер, олардың арасында қос жыныстылары да болады. Жұмыр құрттардың аталығынан аналығы ұзын. Көбінесе жұмыртқа арқылы көбейеді, дернәсілін тірі туатын да түрлері бар.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий