0 комментариев

Буылтық құрттардың пішіні қандай? Олардың неше түрі бар? Олар қай жерде және қандай әдіспен тіршілік етеді? Осы және тағы да басқа қызықты сұрақтардың жауабын kyn.kz сайтынан оқи аласыз

Буылтық құрттар- едәуір күрделі құрылысты, денесі екі жақты симметриялы, буылтықтанған ұп-ұзын жәндік. Бұлар теңізде, тұщы суда және топырақта тіршілік етеді. Денесі жұмыр және буылтықтардан құралғандықтан, бұл құрттар буылтық құрттар деп аталады. Буылтық құрттардың тұрқы бірнеше миллиметрден 3 метрге дейін жетеді. Қазір ғылымға 9000-нан астам түрі белгілі. Үлкен екі класқа жіктеледі.

Әсіресе топырақта немесе тұщы суда, кейде теңізде тіршілік ететін, денесінде көзге байқалмаса да, сипағанда сезілетін аздаған қылтандары болатын, дене тұрқы өте ұсақ немесе 2,5 метрге дейін жететін буылтық денелі жәндіктер сирек қылтанды құрттар класына жатады. Бұлардың жұмыр құрттардан ерекшелігі- денесінде буылтықтардың және сирек те болса қылтандарының болуы. Бұлар сондықтан сирек қылтанды құрттар деп аталады. Сирек қылтанды құрттар барлық жерде кездеседі, қазір олардың 5000-ға тарта түрі бар.

Сирек қылтанды құрттар-денесінде аз да болса қылтандары болатын, сезім мүшесіз, денесінде буылтықтары бар, қос жынысты болатын, сезім мүшесі нашар жетілген буылтықтары бар, қос жынысты жәндіктер. Бұлардың 200-ге тарта түрі теңізде тіршілік етеді. Бұрынғы КСРО-да 100-ге тарта топырақта, 300-ден астам суда мекендейтін сирек қылтанды құрттар бар.

Сирек қылтанды құрттардың топырақта мекендейтін түрлері топырақтың құнарлығын арттырып, жақсартуға қатысады, судағы түрлері балықтарға керек болумен қатар, суды ластанудан тазартады.

Сирек қылтанды құрттардың денесі сақиналы және біріңғай саласы бұлшықеттен тұратын тері-бұлшықет қапшығы мен қапталады. Оның астында іші сұйықтыққа толы дене қуысы болады, дене қуысы әрбір буылтыққа жеке перделермен бөлінген. Әрбір буылтықта құрттың ішкі мүшелері қайталанады, сондықтан регенерациялық қасиеті күшті дамыған.

Сирек қылтанды құрттардың көлемді ішектен тұратын асқорыту жүйесі бар. Тыныс алу жүйесі бүкіл денесі арқылы жүзеге асады, арнаулы мүшесі жоқ. Қан айналымы-тұйық, қан айналым жүйелі, қаны- қызыл. Әрбір буылтықтарда зәр шығару түтіктері орналасады. Денесінің алдыңғы жағында-аузы, соңғы жағында аналь тесігі болады.

Сирек қылтандылар жұмыртқасын белбеушесіндегі шырышты қалтаға салып, содан пілдеге айналады. Пілдеден ұсақ сирек қылтан құрттар пайда болып, біртіндеп ересек құрттар пайда болады.

Денесі екі жақты симметриялы, басым көпшілігі теңіз түбінде мекендейтін, тұрқы 2 миллиметрден 3 метрге дейін жететін, буылтық денелі, денесін өте көп қылтан қаптаған жәндіктер көп қылтанды құрттар класына жатады. Жер бетінде бұлардың 7000-нан астам түрі мекендейді.

Көп қылтанды құрттар-денесінде өте көп буылтықтары бар, алдыңғы буылтықтары ерекшеленіп, бас бөлігіне айналған, буылтық сайын өте көп қылтандар орналасқан, көпшілігі дара жынысты жәндіктер. Қылтандар шоғы буылтықтан өскен қалақшалары орналасады, көп қылтандылар сол қалақшалары арқылы су түбіне жорғалайды, суда жүзеді. Кейбір көп қылтанды құрттардың құлақшасында тынысалу мүшесі-желбезегі де болады.

Көп қылтанды құрттар сирек қылтанды құрттардың арғы тегінен шыққан деп саналады, сондай-ақ бұлар былқылдақ денелілер мен буын аяқтыларға бастама береді.

Көп қылтанды құрттардың барлығына дерлігі теңіз түбін мекендейді. Бұрынғы КСРО-да олардың 750-ге тарта түрі бар деп есептеледі. Бұлардың тері-бұлшықет қапшығы жақсы жетілген және дене қуысы бар. Асқорыту, тыныс алу, қан айналым, зәр шығару, жүйке жүйесі және сезім мүшелері едәуір күрделі құрылысты. Олардың қан айналым жүйесі тұйық болады. Көп қылтандылар жұмыртқа және дәрнәсіл арқылы көбейеді. Бұлардың регенерациясы қабілеті күшті дамыған. Көп қылтандылар балдырлар және ұсақ жәндіктер мен қоректенеді.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий