0 комментариев

Солтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары туралы ақпаратты kyn.kz  сайтынан оқи аласыз.

Солтүстік Американың жер бедерінде жазықтар басым, таулар материктің 1/3 бөлігін алып жатыр. Материктің, жазық жерлері ежелгі Солтүстік Америка платформасында орналасқан. Платформаның солтүстік бөлігі жаппай мұз басудың нәтижесінде майысып, төмен түскен. Кейіннен мұхит деңгейі көтерілген кезде, бұл билікте Канаданың Арктикалық архипелагы, Гудзон шығанағы мен бұғаздар жүйесі қалыптасты. Әсіресе Гудзон шығанағының жағалауы қатты майысқан, мұнда ойпаттар тараған. Платформаның негізін құрайтын кристалды жыныстар Гренлаңдия аралы мен Лабрадор түбегінде жер бетіне шығып жатыр. Ежелгі платформаның осы бөлігі Канада қалқаны деп аталады. Бұл бөлікке көтеріңкі жазықтар мен таулы үстірттер тән. Оңтүстікке қарай жер бедері аласарып, қалың шөгінді жыныстармен жабылған Орталық жазыққа, одан Миссисипи ойпаты мен Мексика шығанағының жағалау жазықтарына ұласады. Платформаның батыс бөлігін Кордильераға қарай баспалдақ тәрізді біртіндеп биіктейтін кең алқапты Ұлы жазық алып жатыр. Ұлы жазық таудан басталатын өзен аңғарларымен күшті тілімденген. Материктің 40° с.е. дейінгі солтүстік бөлігін бірнеше рет жаппай мұз басқандықтан, жер бедерінде мұздықтардың әрекетінен пайда болған үлкен жартастар, «қой маңдай» тастар, мұздықтар қазған қазаншұңқырлар көп кездеседі.

Ірі қазаншұңқырларды алып жатқан мұздық тектоникалық көлдер жүйесі бір – бірімен қысқа өзендер жүйесі арқылы жалғасып жатыр. Орталық жазық түгелімен мұздықтар өңдеп, тасымалдаған жыныстармен (мореналар) жабылған. Миссисипи ойпатын өзен тасымалдап әкелген жыныстар жауып жатыр. Материк жағалауындағы жазықтар теңіздік шөгінділерден түзілген.

Платформаның солтүстігі мен шығысында палеозойлық аласа және орташа биіктіктегі таулар орналасқан, оларға Канаданың Арктикалық архипелагының солтүстігі мен Гренландия аралының шығысындағы Аппалач таулары жатады.

Солтүстіктегі таулар мұздықтардың, әсерінен өте күшті тілімденген, ал Аппалач тауларын көптеген өзен аңғарлары ұзына бойы да, көлденеңінен де кесіп өтеді. Аппалач тауы жер бедерінің сипаты, биіктігі жөнінен Еуразиядағы Орал тауына өте ұқсас тау беткейлері көлбеу, шындары күмбез тәрізді жұмыр болып келеді.

Материктің батыс бөлігін бойлай жер шарындағы ұзын тау жүйесі болып есептелетін Кордильера тау жүйесі созылып жатыр. Кордильера испан тілінен аударғанда «тау жотасы, тау тізбегі» деген мағынаны білдіреді. Себебі Кордильера бір – бірімен жалғасқан тау жоталарының бірнеше қатар тізбектерінен тұрады. Мұндағы үшкір шыңдар тізбегінен тұратын тау жоталары сьерралар деп аталады. Сьерра испан тілінен аударғанда «ара» деген мағынаны білдіреді. Шындығында да, Сьерра – Невада, Сьерра – Мадре жоталарындағы қатар тізіле орналасқан шыңдар ара тістеріне ұқсайды. Кейбір тау тізбектерінің аралығын өте көлемді, кең алқапты қамтитын көтеріңкі жазықтар мен үстірттер алып жатыр.

Бұл таулар асқақтығымен, шетсіз – шексіз алыптығымен, табиғатының көз жауын алатын әдемілігімен таңғалдырады. Өте терең тауаралық ойыстар мен каньондар, асқар шындар алып жанартаулармен қатар кездеседі. Кордильераның ішкі бөліктерінде жанартаулар атқылауынан түзілген Йеллоустон үстірті орналасқан. Мұнда 3000 – нан астам гейзер мен ыстық бұлақ бар.

Кордильераның биік бөлігі Мак – Кинли (6193 м) оның солтүстігінде орналасқан, мұнда тауларды қалың мұз басып жатыр. Мұздықтардың кейбіреулері тау етектеріне дейін төмендеп, теңіз жағалауларына тіреледі.

Кордильера екі литосфералық тақтаның түйіскен жерінде түзілген тау жүйесі болғандықтан, жер қыртысында көптеген терең жарықтар пайда болған. Олардың бойында сөнбеген жанартаулар тізбегі орналасып, күшті жер сілкінулер жиі байқалады. Бұл апатты оқиғалар адамдар өміріне қауіп төндіріп, көп қайғы – қасірет әкеледі. Мысалы, 1985 жылы Мехико қаласында болған жер сілкінудің нәтижесінде 4 мың адам қаза тауып, 13 мыңнан астам адам баспанасыз қалған.

Солтүстік Америка пайдалы қазбаларға бай. Материктің солтүстігіндегі жазықтарда металдардың кен орындары кең таралған. Орталық жазық пен Ұлы жазықтың шөгінді жыныстарында және Миссисипи ойпатында мұнай мен газ, тас көмір көп. Аппалач пен оның тау бөктерлерінде темір мен тас көмірдің бай кен орындары бар. Кордильера тау жүйесінің, қойнауы шөгінді жолмен калыптасқан мұнай, газ, тас көмірмен қатар магмалық жолмен түзілген түсті металдарға, алтын мен уранға бай болып келеді. XIX ға – сырда Кордильера қойнауынан өзендер ағызып әкелген шөгіңді жыныстардан алтынды шайып алу кең етек алды. Мол алтынға кенеліп, тезірек баюды ойлаған мыңдаған адамдар материктің батысына қарай ағылды. 1849 жылы алтын іздеушілердің осындай бір тобы аптап ыстық пен шөлге шыдамай қаза болған, жер кейіннен «Өлім аңғары» деген атқа ие болды. Тарихта бұл кезең «алтын безегі» деп аталды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий