0 комментариев

Ең бірінші кеңірдекпен тыныс алушыларды класстарын анықтап одан кейін олардың пішіні мен  ішкі құрылысы және даму жүйелері  туралы ақпараттың барлығын  kyn.kz  сайтынан оқып біле аласыз.

Классификациясы.

1-класс. Алғашқы кеңірдектілер .

II- класс. Көпаяқтылар .

1-класс тармағы. Еркін-аяқтылар .

2-класс тармағы. Қос жұпаяқтылар.

3-класс тармағы Сколопендреллалар .

III-класс насекомдар .

1-класс тармағы. Алғашқы қанатсыз насекомдар .

1-отряд. Қылшыққұйрықтылар .

2-отряд. Екіқұйрықтылар .

3-отряд. Сяжқасыздар

4-отряд. Аяқ құйрықтылар .

2-класс тармағы. Қанатты .

1-отряд. Түзуқанаттылар .

2-отряд. Тарақандар .

3-отряд. Тәуеттер .

4-отряд.Елестеушілер .

5-отряд. Термиттер .

6-отряд. Пішенжегіштер .

7-отряд. Мамықжегіштер .

8-отряд. Биттер .

9-отряд. Буынтұмсықтылар .

10-отряд. Инелігтер .

11-отряд. Біркүндіктер .

12-отряд. Қатты қанаттылар яки қоңыздар .

13-отряд. Бүргелер .

14-отряд. Қабыршақ қанаттылар, яки көбелектер .

15-отряд. Жылғалықтар, яки түбітқанаттылар .

16-отряд. Жарғаққанаттылар .

17-отряд. Қос қанаттылар .

II-класс. Көп аяқтылар .

Көп аяқтылардың барлығыда – құр тәрізді құрлықта тіршілік ететін буын аяқтылар. Ауыз алдындағы жұп қосалқылары-мұрттары-пішіні жөнінен түрліше келеді. Әдетте мұрттары бір бұтақты және жіп тәріздес немесе түйрегіш тәріздес. Жақ сүйектерінің саны үш жұптан екі жұпқа дейін өзгеріп отырады. Жалпы кеудесінің көкірек пен құрсаққа бөлінген анық белгісі болмайды. Кеудесінің сегменттелуі әдетте гомономды емес: үлкен метамалар мен кішкене метемалар кездесіп келіп отырады. Кеудесінің аяқтары буын – буын болып мүшелікке бөлінген. Кеңірдектерімен тыныс алады. Зәр шығару мүшелері ретінде мальпиги бездері мен төменгі ерін бездері қызмет атқарады. Жалқы болып яки жұп болып келетін жыныс тесіктері кеуденің алдынғы төрт сегментінің бірінде немесе екінші сегментінде жатады. Постэмбрионалдық дамуы тікелей (эпиморфоз) немесе метаморфозды (личинкалық фазасы).

III- класс тармағы. Сколопендреллалар (Sяmphyla).

Жалпы сипаттама. Сколопендреллалар – ақшылдау келген, көру мүшелері жоқ, ұсақ көпаяқтылар, өздері дымқыл топырақ арасында, тастардың, жапырақтардың арасында кездеседі.

Мұрттары ұзын жіп тәріздес және көптеген буын-буын болып келеді. Басында мұрттарының артқы жағында нашар дамыған кеңірдек системасының тесіктері болады. Жақ аппараты негізінен, насекомдардың кеміруші жақ аппараттары сияқты құрылған. Кеудесіне он екі жұп жүгіру аяқтары біткен, бірақ бұлардың бірінші жұбы қылшықты бұдырға айналуы, немесе тіпті жоқ болуы мүмкін. Тергиттердің саны қашанда болса жұпаяқтылардың санынан көп болады (15-тен 22-ге дейін болады). Аяқтарының жамбастарының өзінде бөлшектеніп тұрған бір-бір кішкентай өсіктен –сырғашадан және томпайып тұрған дорбашадан болады. Денесінің артқы ұшында кері иіру сырғашасы (грифельки) жатады, бұл сырғашалардың не қызмет атқаратыны әлі белгісіз. Тақ жыныс тесігі үшінші жұпаяқтылар мен төртінші жұпаяқтылардың арасында жатады.

Сырғашасы және томпайып тұрған дорбашасы сколопендрелланы алғашқы қанатсыз насекомдарға жақындатады.

Насекомдардың зеріттелген белгілі түрлерінің саны барлық басқа жануарлардың белгілі түрлерінің санынан көп ¾ миллион шамасында. Көп насикомдар жүздеп, кейде мыңдап жұмыртқа салады. Сонымен бірге, көп насекомдар бір жылдың ішінде бірнеше ұрпақ береді. Насекомдардың денесі әдетте айқын үш бөлімге бөлінеді: басы, көкірегі, құрсағы. Басы кеудесінен анық бунақталып бөлек тұрады және алты сегменттен құралады: Бірінші сегментте (acron, немесе протоцеребральдық сегмент) екі күрделі көзбен үш жай көзі болады: Екінші сегментте бір талды екі мұрт болады (дейтоцеребральдық сегмент): Ал үшінші сегментте қосалқылар (басқа мүшелер) болмайды (тритоцеребральдық сегмент): Төртінші сегментте бір буынды жоғарғы жақ аппараты болады (мандибульарлық сегмент), бесіншіде – төменгі жақ аппаратының бірінші жұбы (макселлярлық сегмент), алтыншыда – төменгі жақ аппаратының, төменгі ерін болып бірігіп кеткен, екінші жұбы жатады (лабиальдық сегмент).

Құрсағы әдетте 10-сегменттен құралады: сегменттерінің саны 11-12 болуы да немесе алтыға дейін азаюы да мүмкін. Құрсақтың үш жағы мен буын-буын болған екі қосалқы – церк  байланыста жатады. Аналығының жыныс тесігі әдетте құрсағының сегізінші сегментінде, аталығынікі – тоғызыншы сегментінде болады. Аналығының жұмыртқа салғышқа айналған жыныстық аяқтары құрсағының сегізінші және тоғызыншы сегментінен шығады. Ал аталығында жыныс қосалқылары тоғызыншы сегментпен байланысты.

Қызыл тарақанның биологиясы Тарақандар тұқымдасының бұл түрі – космополит. Ол ССР Одағында едәуір жиі кездеседі. Қызыл тарақан (Прусақ) ССР Одағында тек үй жәндіктері есебінде ғана кездеседі. Оның шыққан жері Азияның оңтүстік – шығысы шығар деп болжайды. Оның қара тарақаннан айырмашылық белгілері мыналар: имагосының бойының қысқалығы (1,1 сантиметрден 1,5 сантиметрге шейін); түсінің қоңыр – сарылығы, аталығыныңда дәне аналығының да қанаттарының үлкендігі. Қызыл тарақанға температура 200 С, біраз дымқыл орта өте қолайлы. Температура +20С болғанда мұздап қата бастайды, температура +50С болғанда тіршігінің ең ақырғы шегіне жетеді. Қызыл тарақан күндіз жарық және саңлауларда, тасада жүреді. Ымырт түсісімен – ақ олар жатқан жерлерінен шығып тамақ іздейді.

Жүгірген кезде қызыл тарақан бірден бір жағының екі шеткі аяғы мен екінші жағының ортаңғы аяғын басады, сөйтіп, табанның бес бөлік буынын да (бақалшақтарын) басып жүреді. Жүретін жерінің қалай тұрғандығының оған мәні жоқ: қызыл тарақан тік тұрғанжерден де, төмен қарай тұрған нәрсенің бетімен де, мысалы үйдің ішкі төбесінің бетімен де, көлденеңінен орналасқан нәрсенің бетімен де оңай жүгіреді. Табанының ұшындағы екі тырнақтың арасында жатқан жабысқақ арасында қызыл тарақан жеңіл жүреді. Көлденеңінен орналасқан нәрсенің бетімен төмен қарай және жоғары қарай қарғығанда 4-10 сантиметрден артық жерге қарғый алмайды. Бірақ аса биік жерден қарғығанда қызыл тарақан қанаттарын да пайдаланады. Қанаттары жүруінің негізгі мүшелері емес, бұлар тек жүгіргенде денеге бағыт беру үшін және жүруді тоқтату үшін ғана қажет мүшелері.

Қорегі. Қызыл тарақан әдетте жемістерді және нанды қорек етеді. Тамақты түн басталған кезде және түн аяғында оқтын – оқтын ішіп жейді, тамақты бір минуттай ішіп, ¼ сағат және одан да көбірек ұзақ үзіліс жасайды. Сонымен қатар каннибализмдер бар, бір – бірін әсіресе нашарларын, түлеп жатқандарын, пілләларын жейді.

Сілекей безінің секреті тек жұтуды ғана оңайлатып қоймайды, сонымен бірге, крахмалды глюкозаға айналдырып, асқорыту секреті ретінде де қызмет атқарады.

Піллә жаралуы. Шағылысқаннан кейін көп ұзамай-ақ аналық тарақанның құрсағының орта шені – аналық бездің тұрған жері – томпая бастайды. Бірнеше күннен піллә кейін салу және піллә құру басталады, бұған бір күн тәуліктен артық уақыт кетпейді.

Өсіп – дамуы. Жас қызыл тарақан пілләдан шығумен бірге, түлей бастайды. Келесі түлеулерінің саны алтау: бұлар жеті жастың арасын алады, олардың алтауы жастық шағындағы жастары да, біреуі – имагокезіндегі жасы. Пілләдан шыққан кезінен имогор дәуіріне жеткенше шекті өсуіне 4 айдан 6 айға шеін, кейде одан да көп уақыт кетеді. Жынысының ұзақтығы әр бір тарақанның жеке басына байланысты түрліше болады.

Түлеуіне 2-3 күн қалғанда жас тарақан қоректенуін тоқтатады. Түлеуіне ыңғайлы орын тауып алып, қызыл тарақан 4-6 сағат сеспестен жатады, 4-6 сағаттан кейін көкірек бастың арқалық жағындағы сызық қақ ортасынан бойлай жарылады. Осы жарықтан жас тарақан сыртқа шығады. Бүкіл түлеу процесі 4 сағаттай уақытқа созылады. Бұрынғы жамылғы қабығының, яғни экзувийден, босап шыққан тарақан аппақ және өте ісіңкі келеді. Ісігі бірнеше сағаттан кейін қайтады, хитіні қоңырқай тартады. Түлеген қызыл тарақанның реңі өңді 10сағаттан кейін түлемеген тарақаннан ажыратуға болмайды.

Төменде насикомдардың екі өкілі сипатталады. Тарақандар отрядынан қара тарақан және жарғаққанаттылар  отрядынан бал арасы .

Насекомдар класының бірінші өкілі.

Қара тарақан – тарақандар отрядының өкілі. Тарақандар отряды қанатты насекомдар  класс тармағының ерте замандардан келе жатқан отрядының қатарына жатады. Осы отрядтың нағыз өкілдері таскөмір дәуірінің шөгінділерінен кездеседі.

Қара тарақанның  шыққан жері тропиктік азия деп саналады. Ол жақтан тобырлармен, керуен жолдармен қара тарақан Жерортатеңізіне келіп содан XVI ғасырдың аяғына таман Батыс Европаға (Англияға, Галландияға) өткен деп болжайды.

Денесінің бөлімдері. Денесінің бөқлінуі жағынан қара тарақан – нағыз насикомдарға жатады. Оның басы мойын бунағы арқылы кеудесіне анық бөлектеніп тұрады. Кеудесінің көкірек бөлімі үш сегменттен құралады, бұларды алдыңғы көкіректік, ортаңғы көкіректік және артқы көкіректік сегмент (pro-mesometathorax) деп атайды, бұл көкірек сегментінің әрқайсысында бір-бір қос аяқтан болады. Сонымен бірге ересек аталық тарақанның ортаңғы және артқы көкірек сегментіне жақсы дамыған бір-бір жұп қанат болады. Ал ересек аналық тарақанда бұлардың орнында қанаттардың рудименттері ғана болады. Кеудесінің артқы бөлімі он буыннан құралған құсағында дұрыс дамыған тек бір жұп қана аяқ церки (cerci) болады, бұл аяқтар тарақанның денесінің артқы ұшында аналь тесігінің екі жағында жатады.

Көкірек. Қара тарқанның жұмсақ кеудесі дорзо-бентраль бағытта қабысып жалпайған. Бұлардың қай – қайсысыда тарқанның тар саңылау жерге жасырынуына қолайлы болады. Тарақанның көкірегі үш хитин сақинадан, яки сегменттен құралады. Әрбір сегмент төрт учаскеден құралған: арқа учаскесі (аралық), екі бүйірлі және төменгі учаске (омырау). Үш сегменттің үшеуінде, бүйірмен омырау учаскесі шекарасында, аяқтары болады. Аталық тарақанның көкірегінің екінші және үшінші сегменттеріне, бүйір мен аралық сегмент шекарасында, бір-бір қанаттан бітеді. Көкректің үш сегменттінің үшеуінде де бір-бір жұп аяқтан болады да, солармен қатар ортаңғы көкіректік пен артқы көкіректікте тағыда бір-бір қос қанаттан болады. Тарқанның аяқтарының бәріде жүгіру аяқтары. Аяқтың түп жағынан ұшына қарай мынандай бөлімдері болады: жанбасша (соха ) ортан жіліктің ұршық басы, сан яки ортан жілік, балтыр, яки асық жілік және табан. Негізгі бөлім болып саналатын жамбасша аса үлкен бөлім. Аяқтың ең ұзын бөлімдері – сан мен балтыр – екеуі қосылып барып тізе буынын құрайды. Табан бес буынды болады. Табанның ұшында екі тырнақ болады. Осылардың арқасында тарқанның аяғы жер бетіндегі кедір-бұдырға жақсы тіреледі. Тырнақтарының арасында сорғыш болады, осының арқасында тарақан нәрсенің беті қандай болса да жүре алады. Тарақанның қанаттары, қабысып жалпайып жұқа пластинкаға айналып кеткен тері қабаттары. Қанатты ұзына бойына да, көлденеңде кесіп білеуленіп жатқан желкелері, яки нервтері, деп аталатын жуан сызықтар қанатты мықты етеді. Ортаңғы көкіректегі алдыңғы қос қанат дөрекілеу, терісі мықты келеді. Мұны үстіңгі қанат деп атайды. Артқы көкіректің қос қанаты жарғақ қанаттар.

Құрсағы. Қара тарқанның құрсағы 10 сегменттен құралады. Бұларда аяқ болмайды тек соңғы сегменттің екі бүйірінде қысқа, ұсақ бунақты екі аяқ болады. Тарқанның құсағының сегменттері, екінші сегменттінен бастап, 7-ші сегментіне дейін, аса ірі келеді. 10-шы аралықтың артқы жақ жиегінің астында орталық сызықтың бойында аналық тесігі жатады.

Нерв жүйесі. Қара тарқанның орталық нерв жүйесі 11 түйіннен құралады: Бұлардың ішінен екі түйін, жұтқыншақ үсті түйінмен жұтқыншақ асты түйін, бастың ішінде жатады да, үшеуі көкірек ішінде және алтауы – құсақ ішінде жатады. Түйіндердің барлығыда коннективалар арқылы біріккен. Нерв тізбегінің түйіндісінің ең ірісі – жұтқыншақ үсті ми, бұл көру мүшелерін (жұп күрделі және жай кездеседі), иіс сезім мүшелерімен және тері сезім мүшелерімен қосып мұрттарды, жоғары ерінді шеткі (перифериялық) нервтермен қамтамассыз етеді. Ал басқа түйіндерден саналатын жұтқыншақ асты түйінмен 3 көкірек түйіні ауыз бөлімдерін, аяқтарды, қанаттарды және бас пен көкіректің мускулатурасына нерв таратады. Құрсақтың 6 түйінінің ішінен ең артқы шеттегі түйін басқаларынан ірілеу келеді, бұл түйін жыныс жүйесін, циркілерді нервтермен қамтамассыз етеді.

Сезім мүшелері. Тарақанның күрделі көздері өзінше ерекше құралған және 1800 шамасы фасеткалары болады. Төменгі жақ аппаратының қалақтары мен олардың қармалағыштары (тері сезім мүшелерімен дәм сезу мүшелері) нерв ұштарына бай болады. Нерв ұштарына мұрттарда бай. Мұрттар тері сезім мүшелерімен иіс сезім мүшелері қызметін атқарады.

Ас қорыту каналы. Қара тарақанның ішектері, негізгі үш бөлімге бөлінеді: алдыңғы, ортаңғы және артқы ішек. Алдыңғы ішек жұтқыншақ тесігінен басталып жоғары көтеріледі де, доғаланып иіліп барып, кейін қарай кетеді, бұл бағытта құрсаққа барғанша созылады. Алдыңғы ішек бес бөлімнен құралған, бірақ бұлардың ілгері жағында жатқан төрт бөлімін ғана сыртынан айыруға болады, ал бесінші болатын болса- жөңгелектеніп жатқан қатпар сияқтанып ортаңғы ішектің бас жағына келіп, бөтелкеге кіргізілген варонка тәрізді болып жатады. Алдыңғы ішектің жұтқыншақ тесігінен басталатын ілгері жақтағы бөлімі – жұтқыншақ – жақ аппарат уақтап, сілекей мен ылғалданған қоректі өз ішіне тартады. Жұтқыншақтың мықты мускулатурасы жұтқыншақты кеңейтіп және тарылтып тұрады. Жұтқыншақ алдыңғы ішектің келесі бөліміне, өңешке өтеді, бұл бірте –бірте кеңейе түсіп жемсауға айналады. Жемсаудың қапшық сияқты артқы бөлімі құрсақтың ішінде жатады. Жұтылған тамақ мұның ішінде біраз кідіріп, біраз қортылады және сіңіріледі. Тамақ жемсаудан аз-аздан бөлініп шығып келесі бөлім күйіс, яки мускулды қарынға түседі, мұнда жатып одан әрі ұсақталып, сүзіледі. Пішіні бакал яки тақия сияқтанып, тесігі ілгері қарап жатқан күйіс қарын қоректі ұсақтайтын ғана аппараты емес, сонымен бірге, ол қоректің ортаңғы ішекке түсуге жеткілікті түрде даялау үшін оны сүзіп жіберетін сүзгі қызметін де атқарады.

Қара тарақанның ортаңғы ішегі яки қарны асқорыту каналының ең қысқа және ең тар бөлімі, оның үсті ілмектеніп иректеліп қалған. Ортаңғы ішектің эпителийі түгел безді келеді. Ортаңғы ішек асқорыту сөлін шығаратын бездің қызметін атқару қатар, қорытылған асты сорып бойға сіңіру бөлімі қызметін де атқарады. Ортаңғы ішектің артқы ішектің шекаралығы, сырт жағынан қарағанда, түтік тәріздес мальпиги бездерінің құйылған жері деп белгілейді, бұл бездер тарақанның денесіндегі ыдырау өнімдерін шығару мүшелері болып табылады. Қара тарақанның денесіндегі мальпиги бездерінің саны 100-ге тарта барады, бұлар 6 жұп болып біткен және өздері ішектің өсіндісі сияқтанып тұрады. Бұлардың құйылған жерінің артқы жағынан артқы ішек басталады, бұл барып құрсақтың артқы ұшынан аналь тесігі болып ашылады.

Қан жұру жүйесі. Тарақанның қаны дененің ішкі қуысымен, ішкі мүшелердің аралықтарынан ағады. Тек өте шамалы жерде ғана қан тамырларымен ағады, бұл тамырлардың дербес қабырғалары бар. Бұл сыртқы жамылғының астында дененің ішкі қуысында жатқан арқалық қан тамыр деп аталатын тамыр, бұның өзі жүрек қолқадан құралған. Түтік сияқты келген жүрек құрсақтың бүкіл бойына созылады. Көкіректің ішіне жүректің жалғасы ретінде қолқа жатады. Тарақанның жүрегінің артқы жағы бітеу болып бітеді. Қолқаның алдыңғы ұшы жұтқыншақ үсті түйін мен жұтқыншақ арасынан барып дененің ішкі қуысына ашылады.

Зәр шығару мүшелері. Дененің ішінде жатқан мальпиги түтіктері қан шайып өтіп жатады, осы кезде осмос арқылы қаннан ыдырау өнімдерін сорып алады да, оларды артқы ішек арқылы сыртқа шығарады.

Майлы дене. Құрсақтың қабырғасына ішкі бетіне және ішкі мүшелерінің аралықтарында жиналып жатқан ақ затты байқауға болады. Бұл майлы дене – май, гликоген, белок сияқты қоректік заттардың қорын жинап жатқан ткань, мұның ішіндегі қоректік заттарды насекомдардың организмі ашыққан кезде пайдаланады. Майлы дене зәр шығару қызметін де атқарады.

Тыныс мүшелері. Қара тарақан дененің ішіндегі ағаш сияқты бұтақтан кеткен түтіктер, яғни кеңірдек жүйесі арқылы тыныс алады, бұл түтіктер ішкі мүшелердің барлығында қоршап жатады. Тарақанның кеңірдек жүйесінің ішкі сыртқы ортамен 10 жұп сигма арқылы қатынасады. Бұл 10 жұп сигманың 2 жұбы көкірек бөлімінің 2 бүйірінде, қалған 10 жұбы – құрсақтың сегменттерінде жатады.

Жыныс жүйесі. Қара тарақанның аталығы мен аналығының ересек кезінде бір-бірінен оңай ажыратуға болады. Жыныстық айырмасы: біріншіден, қанаттарының түрліше дамуы, екіншіден, құрсақтың сегізінші және тоғызыншы сегменттерінің әр қилы дәрежеде редукциялануы (аталық тарақандікіне қарағанда көбірек редукцияланған және құрсақтың жетінші сегментінің астында көрінбей жатады). Ал аталық тарақанның сыртқы жыныс аппараты хитинденген бірқатар өсіктермен пластинкадан құралады. Аталық тарақанның ішкі жыныс жүйесі мыналардан құралады: құрсақтың бесінші арқалығының астында жатқан қос аталық тұқым безі, қос ұрық өзегі, екі ұрық торсылдағы деп аталатын мүшенің түп жағынан келіп сыртқа ашылатын жалқы ұрық төккіш канал және қос қосалқы без, бірақ бұлардың біреуі жұп болып келеді. Әрбір аталық тұқым безі жалпы бір түйдек болып жиналатын, торсылдақ сияқты 30-40 бөліктен құралады.

Аналық тарақанның ішкі жыныс мүшелері мыналардан құралады: екі аналық без, екі тұқым жолы, қынап (жалқы тұқым жолы),  қабық жасау үшін қажет секрет шығаратын қосалқы жыныс бездері. Әрбір аналық без 8 жұмыртқа түтіктерінен құралады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий