0 комментариев

Жәндіктердің ауыл шаруашылығындағы маңызы туралы ақпаратты  kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Экологиялық мәліметтерде алғашқы қанатсыздар әуел баста-ақ  алғашқы кезден – ақ қанатсыз болғандығын дәлелдейді. Бұлардың тіршілік жағдайлары көп – аяқтылардың экологиялық жағдайларына өте жақын. Көп – аяқтылар сияқты, алғашқы қанатсыздар да топырақ арасында, қурап түскен жапырақтар арасында, ағаш түбірінің қалдықтарының астында тіршілік етеді. Алғашқы қанатсыздар өсімдік қоректі жәндіктер.

Саңырауқұлақтар, балдырлар, қыналар, міне мұның өзінде алғашқы қанатсыздардың ерте заманнан келе жатқандығын көрсетеді. Алғашқы қанатсыздардың өте ертеден келе жатқанын жәндіктер қазбадан қалдықтарының табылуында дәлелдейді Шаншарларға сымбатты жарғақ қанаттылар жатады, бұлардың құрсағының көкірекпен жалғасқан жері азды көпті бунақталып келеді.

Шаншарларға личинкасы құрт тәрізді және аяқтары, мұрттары, көздері болмайды. Паразиттік өмір сүреді, бірде эндопаразит болып келеді: анасы жұмыртқаларын қожайынның денесінің сыртқы бетіне яки ішіне салады.

Майда жәндіктер тобына кіретін хальцидидтердің личинкалары да паразиттік өмір сүреді. Бұлардың иелері түрлі өсу сатыларындағы қабыршақ қанаттылар, қоңыздар, жарғақ қанаттылар және қос қанаттылар болады. Хальцидидтер, кейбір жағдайларда 2-3-7 де өсетін және маусымына 7 рет ұрпақ беретін жұмыртқа жегіштер болғандықтан, зиянды жәндіктер мен күресте іс жүзінде пайдалы болуы мүмкін. Хальцидидтердің арасында екінші кезектегі паразиттерде, яғни паразиттің паразиттеріде бар, олар пайдалы алғашқы паразиттердіі құртады.

Жаңғақшылар – ұсақ жарғақ қанаттылар, олардың жалпақтау немесе сабақ тәрізді құрсағы болады, личинкалары өсімдікте және жәндіктерде  паразиттік тіршілік етеді. Ал қоңыздардың тіршілік жағдайлары мен жейтін қорегі өте алуан түрлі, бірақ паразит түрі тіпті аз.

Ызылдақ қоңыздар, яки сасық қоңыздар мен жүзегендердің ересектері де Личинкалары да нағыз жыртқыштар. Ызылдақ қоңыздар – түн қоңыздары, күндіз тастарды, қабықтырдың астында жасырынып жатады. Жалпы алғанда, пайдалы жәндіктер деп есептеледі, өйткені ауыл шаруашылығына зиянды жәндіктерді көп жояды. Аса пайдалы қоңыздардың мысалы ретінде, ағаштарда жүретін, сұлу дене қоңызын алуға болады.

Нағыз жыртқыш қоңыздарға қанқыз да жатады. Онша жыртқыш еместерден қысқа үскі қанаттыларды алуға болады, олар шіріген заттарды аздап қорек етеді. Оларға, тіршілік бейнесі жағынан, өлік жегіштер мен көр қазғыштар қосылады, бұлар өлексені қорек қылады, кейде жыртқыштық істейді.

Қоңыздардың бір қатар туыстары ғана таза өсімдік қоректілер болады, мысалы, қара денешік қоңыздар сырт көрінісінен ызылдақ қоңыздарға ұқсайды, бірақ өздерінің орасан қатты сырт жамылғысы болады. Олардың топырақтың арасында кездесетін личинкалары көбінесе егіс дақылдарының жер астындағы бөлімдерінің қауіпті зиянкестері болып табылады.

Ересек шыртылдақ қоңыздар да, сондай – ақ топырақ арасында жүретін олардың жалған құрттарында, личенкаларыда мәдени өсімдіктерге және жабайы өсімдіктерге зиянын тигізеді – өсімдіктердің тамырын кеміріп тастайды.

Личинкалары ағаш тектес немесе өсімдіктердің жапырақтарымен қоректенетін жапырақ кеміргіштердің денесі жарты шарға ұқсап келтелеу келген. Сыртқы басты белгісі – қабығының метал сияқты жылтырауы.

Егістік зиянкестері. Диқаншылықтың аса қауіпті және көп кездесетін зиянкестері шегіртке, қандала, қоңыздар мен қабыршақ қанаттылардың және қос қанаттылардың кейбір туыстары. Бұлардың араларында өсімдіктің тамыр жүйесін бүлдіретіндері де, егіннің көгін бүлдіретіндерінде яки гүлдерді түгелдей жойып жіберетіндері де бар.

Дәнді егіске, көбінесе орманды – далалық өңірге тараған, қандала – бақашық үлкен зиян келтіреді. Олар егіннің жапырақтарын және пісіп келе жатқан дәндерін сорады, ол қандалылардың ішінен ең қауіптісі – зиянды бақашық.

Егіс дақылдарына зиянды қоңыздардың аса көп тарағандары шыртылдақ қоңыздар мен қара дене қоңыздардың көптеген түрлері.

Қоңыр көбелектер мен қызыл көбелектердің жұлдызқұрттары, әсіресе олардың тым жаппай өніп – өскіш келетін түрлері, егіс дақылдарына орасан көп зиян келтіреді. Мысалы, күздік көбелек (қоңыр көбелек) көптеген егіс дақылдары мен бау-бақша дақылдарына, жапырақтарын және көгін кеміріп, көп зиян келтіреді. Ал шалғын көбелегінің (қызыл көбелек ) жұлдызқұрттары техникалық егістерді де зияндайды (қызылша, мақта және басқалар). Егіс дақылдарына зиян келтіретін қос қанаттылардың ішінен аса көп тарағандары гессен шыбыны мен швед шыбыны. Гессен шыбыны маса сияқты, онша үлкен емес қос қанатты шыбын (ұзындығы 3 миллиметрдей ), дәнді астық дақылдарына зақым келтіреді. Швед шыбыны – ұзындығы 2 миллиметрдей ғана кішкене шыбын. Бұл шыбындардың личинкалары дәнді дақылдардың, интер кольярлық бойы бар, буын аралықтарын жапырақ қынабының астына қарай сорады.

Бау-бақша зиянкестері. Бау-бақшалардың көп тараған зиянкестері өсімдік биттері, қабыршақ қанаттылар және шыбындар. Өсімдік биттері өсімдіктің көгін сорады. Бау-бақшаларда  жаппай кездесетіндері капуста биті мен бұршақ биті. Бірақ бау-бақшаларда бәрінен де зор зиян келтіретіндер қоңыздар мен қабыршақ қанаттылар. Мысалы, қант қызылшасы егілетін өңірде қызылшаның тұрақты зинкесі қызылша бізтұмсық қоңызы. Ол қызылшаның көктеп шығуына қарсы пайда болады да, қызылшаның бүрі мен жапырақтарын жейді. Қызылша бізтұмсық қоңызының личинкасы топыраққа еніп, қызылшаның тамыр жүйесін жеп қоректенеді.

Ақша көбелектер, қоңыр көбелектер және күйелер бау-бақшалардың аса елеулі зиянды жәндіктері болып саналады. Ақша көбелектерден әсіресе зияндысы капуста ақша көбелегі капустаға көп зиян келтіреді. бау-бақшаға ЗИЯН КЕЛТІРЕТІН ТҮН КӨБЕЛЕКТЕРІНЕН ҚОҢЫР КӨБЕЛЕК – ГАММА ЖӘНЕ КАПУСТА ҚОҢЫР КӨБЕЛЕГІ. Бұлар әртүрлі бау-бақша өсімдіктеріне зақым келтіреді. Қоңыр көбелек гамма техникалық егістерге (зығыр, кендір, күнбағар) зақым келтіреді. Бау-бақша  өсімдіктері тамырларының негізгі зиянкестері капуста шыбыны және капуста ұзын сирақ шыбыны.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий